Қазақстан Республикасының Ұлттық кітапханасы жанындағы Мұхтар Әуезов ғылыми кабинетінің жабылуы туралы бірқатар БАҚ-та пайда болған ақпаратқа байланысты оның толыққанды жұмысын жалғастырып, оқырмандар мен зерттеушілерді штаттық режимде қабылдайтынын хабарлаймыз.
Мұхтар Әуезовтің ғылыми кабинеті ҚР Ұлттық кітапханасында қалыпты түрде қызмет көрсетіп, келушілерді қабылдауды жалғастырып жатыр және кітапхананың экскурсиялық маршрутына енгізілген.
Кабинеттің кітап қоры алдағы уақытта да толықтырылады. Сондай-ақ жазушының шығармашылығына арналған іс-шаралар тұрақты өткізіледі.
Еске сала кетейік, биыл қазан айында "Алматы қаласының орталықтандырылған кітапхана жүйесі" КМҚК-нің №4 кітапхана-филиалына Мұхтар Әуезовтің есімі берілді. Сол жерде жазушының мемориалдық кабинеті ашылып, оған Мұрат Әуезовтің бастамасымен Әуезовтер отбасы жазушының бірқатар жеке заттары мен кітаптарын табыстады.
                        