Мұсылман үшін құрбандық шалу – міндет

Dalanews 16 авг. 2018 11:01 1069

Түркістан өңірлік коммунакиялар қызметінде Құрабан Айт мерекесіне дайындық барысы, осы мейрамның мән-мағынасы мен ерекшелігін түсіндіру бағытында баспасөз мәслихаты өтті.

Жиында Қазақстан Мұсылмандары Діни басқармасы төрағасының бірінші орынбасары, Түркістан қаласы бойынша кеңсе басшысы Наурызбай қажы Өтпенов бұл мерекеде құрбандық шалу мұсылман үшін уәжіп екенін жеткізді.

– Биыл 21 тамызда таңғы сағат 7.00-де Түркістан облысы мен Шымкент қаласы бойынша  ҚМДБ-ның өкілдігіне қарасты барлық мешіттерде Айт намазы оқылады. Құрбандық шалу уақыты Құрбан айттың бірінші күні айт намазынан кейін басталып, айттың үшінші күніне дейін жалғасады. Құрбан араб тілінде «жақындау» деген мағынаны білдіреді. Яғни, сауап істер арқылы жүректі тазартып, Аллаға жақындай түсу деген сөз. Құрбан Айт мерекесінде әрбір мұсылман жаңа немесе ең таза киімдерін киіп, бір-біріне сыйлық сыйлап, жылы сөздер айтып, құттықтауы тиіс. Қайырымдылық жасағаны абзал  Елбасы Жарлығымен Құрбан айт еліміздегі ресми мерекелер қатарына енді. Ұлттық мерекеге айналды. Парасатты шешім ел бірлігін нығайтуға үлкен үлес қосып келеді. Биыл Сауд Арабиясы патшалығынан қазақстандық 3 мың адамға қажылыққа квота берілді. Қажылыққа баратын азаматтар үшін Қазақстанның 4 қаласынан тікелей әуе рейстері қатынайды, – деді Наурызбай қажы Өтенов.

Баспасөз мәслихатында мемлекет және қоғам қайраткері, ел ағасы Шалатай Мырзахметов: «Біз бала кезден Құрбан Айт пен Наурыз мерекелерін ерекше күтіп, атап өтетінбіз. Бұл – мейірімділік пен татулық мерекесі. Мерекеде қарсаңында кәсіпкерлер дүкендерде алкогольді ішімдік сатуды тоқтатып, той-домалақтар арақ-шарапсыз өтсе» деген тілегін білдірді. Ал, ҚМДБ-ның Шымкент қаласы бойынша өкіл имамы Бақтыбай Бейсенбаев өңірде халал стандарттарына сәйкес мал сою бекеттері ашылғанын, Шымкент қаласының өзінде 5 мал сою бекеті қызмет көрсететінін айтты.

– Құрбандық шалушыларға қойылатын талаптарға келсек, ол мұсылман болуы және балиғат жасына толуы қажет. Негізгі қажеттіліктерден тыс қаржысы болғаны жөн. 85 грамм алтынның құнына тең қаражаты бар әрбір мұсылман үшін құрбандық шалу – уәжіп. Міндет деуге де болады. Құрбандыққа қой, ешкі, сиыр және түйе малы жарайды. Бұл мерекеде мұсылмандар  құрбандыққа шалынған мал етінің бір бөлігі кедей-кепшіктер мен мұқтаж жандарға, бір бөлігі көршілер мен туыстарға таратылса, үштен бір бөлігін өз отбасына қалдырады.  Мешіттерде «Құрбандық етін мұқтаж жандармен бөліс» атты қайырымдылық шарасы өтеді. Осыған қатысуға шақырамыз. Арнайы мал сою бекеттерінде білікті қасапшылар жұмыс істейді. Етті сақтайтын салқындатқыштар да бар. Ол ет мұқтаж отбасыларға таратылады. Айт намазынан кейін мешіттер маңында ұлттық спорт түрлерінен сайыстар ұйымдастырылып, өнерпаздарымыз концерттік бағдарлама ұсынады, – деді Бақтыбай Қыдырбайұлы.

Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі

Рекомендовать
Последние новости