Мұнай өндірісі көлемін қысқарту: Қазақстан ОПЕК-пен арадағы келісімін тағы ұзартты

Кәмшат Тілеухан 06 дек. 2024 10:02 1649

Бірлескен Министрлік мониторинг комитетінің 57-ші отырысы және ОПЕК+ елдері министрлерінің 38-ші кездесуі өтті. Оған Қазақстаннан Энергетика вице-министрі Әлібек Жамауов қатысты, деп жазады Dalanews.kz.

Отырысқа қатысушылар келісім негіздеріне бейілділігін растады және ОПЕК-ке қатысушы елдер мен ОПЕК-ке кірмейтін елдер үшін мұнай өндірудің жалпы деңгейін ОПЕК+ 35-ші министрлік кездесуінде қабылданған шешімдерге сәйкес, 2026 жылғы 31 желтоқсанға дейін ұзартуға келісті.

Қатысушы елдер міндеттемелерді толық сақтаудың және артық орындалған көлемдерді өтеудің айрықша маңыздылығын растады.

"Бұрын 2023 жылдың сәуірінде және 2023 жылдың қарашасында қосымша ерікті қысқартулар туралы жариялаған 8 ел (Сауд Арабиясы, Ресей, Ирак, Біріккен Араб Әмірліктері, Кувейт, Қазақстан, Алжир және Оман) ОПЕК+елдерінің 38-ші министрлік кездесуі аясында бөлек басқосу өткізді", деп хабарлайды ҚР Энергетика министрлігінің баспасөз қызметі.

Кездесу мұнай нарықтарындағы тұрақтылық пен тепе-теңдікті сақтауға бағытталған ОПЕК+ елдерінің сақтық шараларын күшейту мақсатында өткізілді.

Жоғарыда аталған елдер 2023 жылдың сәуірінде жарияланған қосымша ерікті қысқартуларды тәулігіне 1,65 миллион баррельге 2026 жылдың желтоқсан айының соңына дейін ұзартуға шешім қабылдады. Сонымен қатар, осы елдер 2023 жылдың қарашасында жарияланған күніне 2,2 миллион баррельге қосымша ерікті қысқартуларын 2025 жылдың наурыз айының соңына дейін ұзартады, содан кейін нарықтық тұрақтылықты сақтау үшін 2026 жылдың қыркүйек айының соңына дейін ай сайын 2,2 миллион баррельге ерікті қысқартулар жойылады.

"Бұл ай сайынғы өсім нарық жағдайына байланысты тоқтатылуы немесе жойылуы мүмкін. Өтемақы кезеңі 2026 жылдың маусым айының соңына дейін ұзартылады" деп нақтылайды министрлік.

 


Рекомендовать
Последние новости