Mercedes-Benz автомобильдері бренд таңбасын өндіруші кәсіпорын - Gerhard Kunststofftechnik GmbH банкротқа ұшырағанын жариялады, деп жазады Dalanews.kz.
Компания ұлы күйзеліс жылдары мен екі дүниежүзілік соғысты бастан өткерген, бірақ еуропалық автомобиль өнеркәсібінің құлдырауынан туындаған экономикалық қиындықтарға төтеп бере алмады. Gerhard Kunststofftechnik GmbH банкроттығы салдарынан кәсіпорындағы шамамен 1500-ге жуық жұмысшының жұмыссыз қалуы мүмкін.
Компания Audi-дің, сондай-ақ BMW-ның көркемдік элементтерін де әзірлеген.
Қазір Audi-дің де жағдайы мәз емес. Концерннің Брюссельдегі зауытын жабады деген сыбыс бар. Jaguar да абдырап отыр. Олардың жаңадан шығарған көлігі қатты сұранысқа ие бола алмады. Үнемділік пен тиімділік мақсатында жасалған оны қуыршақ Барбидің көлігіне балаушылар көп.