«Менің болашақтағы мамандығым»

Dalanews 29 апр. 2016 00:22 948

Жастарға өмірден өз орнын табуға септесетін жоба

«Шеврон» компаниясының мұрындық болуымен өткізілетін «Менің болашақтағы мамандығым» жобасы көптеген талантты жастарға өмірден өз орнын табуға септесіп отыр.

Міне, күні кеше ғана аталған жобаның қорытындысы жасалып, Алматы қаласы есту қабілеті төмен балаларға арналған №5 мектеп-интернаты және Алматы облысы №1 балалар үйінің тәрбиеленушілері мен оқытушылары жоба аясында алған әсерлерімен бөлісті. Балалар өз кезегінде арнайы ән шашу дайындап, жобаның демеушісі тарапынан сыйлықтар мен дипломдарға ие болды.

Бағдарлама осыдан 10 жыл бұрын «Шеврон» компаниясының «Жастар жетістігі» қорымен бірлесе отырып бастау алған болатын. Жоба Алматы қаласы Білім басқармасының интернат мекемелерін қамқорға алу бөлімі мен Балалар құқығын қорғау департаментінің қолдауымен жүзеге асырылды. Жобаны іске асыру кезіндегі мерзімнің ішінде әлеуметтік топтан шыққан 850 бала қоғамға қажетті мамандық түрлерімен танысып қана қоймай, сонымен қатар өмірге қажетті пайдалы істерді де меңгерді.

IMG_0920«Мамандықты дұрыс таңдау – кез-келген адамның өмірдегі жетістіктерін айқындайтын маңызды жайт. Балаларды көптеген мамандықтарға бағыттай отырып, біз оларға өмірден өз орнын табуға, дарынын ашуға және өзінің мүмкіндіктерін іске асыруға көмектесеміз. Біздің бағдарлама аясында алған білімдері жастарға таңдаған мамандығы бойынша жетістікке жетіп, жарқын болашағын қамтамасыз етуге көмектеседі», – деді бұл ретте шараға қатысқан «Шеврон» компаниясының өкілдері.

Осы жылы «Менің болашақтағы мамандығым» жобасы балаларға кәсіпкерлікпен айналысуға мүмкіндік берді. Атап айтқанда, балалар – мейрамхана кәсібін ұйымдастыру, асханалар желісін құру бағыттары бойынша бақ сынады. Бұл сала қонақжай Қазақстан үшін аса маңызды саланың бірі. Себебі, біздің ел Орта Азиядағы туристік орталықтың бірі деп саналады.

Айта кетелік, «Менің болашақтағы мамандығым» жобасы Алматы туризм және қонақжайлылық индустриясы колледжімен бірге іске асырылады. Шара барысында  №5 мектеп-интернатының оқу ісі жөніндегі орынбасары Наталья Григорьева: «Біздің балаларымыз жобаға қатыса отырып жан-жақты білім алды, ең бастысы ашылды, өз-өзіне деген сенімдері өсті. Көпшілігі жоба аясында танысқан мамандық бойынша білім алғысы келетінін айтты», – деп ағынан жарылды.

Думан Танабасов 


Рекомендовать
Последние новости