Мемлекет басшысы Бақытжан Сағынтаевты қабылдады

Ақтоты Жапатова 10 июн. 2025 13:12

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Еуразиялық экономикалық комиссия алқасының төрағасы Бақытжан Сағынтаевты қабылдады,- деп хабарлайды Dalanews.kz Ақордаға сілтеме жасап.

"Кездесуде Еуразиялық экономикалық одақтың қазіргі қызметі мен одан әрі даму перспективасы талқыланды", - делінген хабарламада.

Мемлекет басшысына IV Еуразиялық экономикалық форумға және 26-27 маусым күндері Минскіде өтетін Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің отырысына дайындық барысы туралы баяндалды.


Рекомендовать
Последние новости