Мақтаралда еңбек жәрмеңкесі өтті

Dalanews 13 авг. 2017 09:03 1070

Мақтарал аудандық жұмыспен қамту орталығы "Әлеуметтік бюро" акциясы мен  "Еңбек баршаға" атты бос жұмыс орындарының жәрмеңкесін өткізді. Бір күн бойы тұрғындарға жұмыс ұсынылып, көптеген әлеуметтік бағдарламалар жайлы түсіндірілді.

Мақта өңдеуден облыста көш бастайтын бір ғана "Мырзакент" мақта өңдеу зауытының өзінде бос жұмыс орындарының саны 500-ге жетеді. Зертханашы, электрші, темір ұстасы, күзетші, оператор сияқты мамандарды зауыт жұмысқа тұруға шақырады. Сондай-ақ, жұмыс ұсынып отырған бірнеше ірі кәсіпорын бар. Сондай-ақ, аудан тұрғындары мақта талшығын өңдеу, автокөліктердің электрлік құрылғыларын жөндеу, шаштараз шебері, тігінші, аспазшы, ауыл шаруашылығы өндірісіндегі машинист, жеміс-көкөніс өндіруші, электр газымен дәнекерлеуші, визажист, электронды есептеуіш машиналардың операторы сияқты қысқа мерзімді курстарда тегін білім ала алады және сертификаттар беріледі.

"Аудан тұрғындары "Өрлеу" жобасына қатты қызығушылық білдіруде. Бүгін сол жоба бойынша мәлімет алуға келген тұрғындардың қарасы көп" - дейді аудан әкімінің орынбасары Алтын Ешанқұлова. Айта кетейік, бос жұмыс орындарының жәрмеңкесіне мыңға жуық адам қатысты. Жұмыс іздеп келушілер мен әлеуметтік бағдарламалар туралы сұраушыларға аудандағы түрлі кәсіпорындардың мамандары қызмет көрсетіп, түйіндемелерін алып қалды. Бос жұмыс орындарына құжат қабылдау жалғаса бермек.


Рекомендовать
Последние новости