Қазақстан Республикасының Ұлттық кітапханасы жанындағы Мұхтар Әуезов ғылыми кабинетінің жабылатыны туралы ақпарат шындыққа жанаспайды. Ұлттық кітапхана баспасөз қызметінің хабарлауынша, кабинет қалыпты режимде жұмыс істеп, оқырмандар мен зерттеушілерді қабылдауды жалғастырып жатыр, деп хабарлайды Dalanews.kz.
Мұхтар Әуезовтің ғылыми кабинеті келушілерге ашық және кітапхананың экскурсиялық бағытына енгізілген. Сондай-ақ, кабинет қорындағы кітаптар мен материалдар алдағы уақытта толықтырылып отырады. Жазушының өмірі мен шығармашылығына арналған іс-шаралар да тұрақты түрде өткізіледі.
Еске сала кетсек, биыл қазан айында Алматы қаласындағы Ұлттық кітапхананың филиалына Мұхтар Әуезовтің есімі берілген еді. Сол жерде жазушының мемориалдық кабинеті ашылып, Әуезовтің отбасынан бірқатар жеке заттары мен кітаптары сыйға тартылған. Бұл бастама жазушы мұрасын кеңінен насихаттап, көпшілікке қолжетімді ету мақсатында жүзеге асқан еді.
