22 мыңға жуық ата-анаға айыппұл салынды: Қазақстан балаларды қорғау шараларын күшейтті

Сағыныш Сардарова 04 нояб. 2025 14:26

2025 жылдың басынан бері Кәмелетке толмағандар істері және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссиялар шамамен 4 мың отырыс өткізіп, 7 мыңнан аса істі қараған. Оның ішінде мыңнан аса іс қиын жағдайға тап болған отбасыларға қатысты, деп хабарлайды Dalanews.kz.

Бүгінде елімізде балалардың құқықтарын қорғау, құқықбұзушылықтың алдын алу және отбасыларды қолдау бағытында мемлекеттік органдардың өзара іс-қимылын үйлестіретін 271 комиссия жұмыс істейді. 

"Кәмелетке толмағандар істері жөніндегі комиссиялар – балалардың құқығын қорғаудың басты тетігі. Комиссиялардың қызметі - қиын жағдайға тап болған отбасыларды дер кезінде анықтап, оларға көмек көрсету. Біз ведомствоаралық өзара іс-қимылды күшейтіп, буллингтің, кибербуллингтің және суицидтің алдын алу бағытында жаңа тәсілдер енгізіп жатырмыз", – деді ҚР Оқу-ағарту министрлігі Балалардың құқықтарын қорғау комитетінің төрағасы Насымжан Оспанова.

Құқық қорғау органдарымен бірлесіп жүргізілген ведомствоаралық рейдтердің нәтижесінде балаларды тәрбиелеу жөніндегі міндетін орындамаған 21,8 мыңнан аса ата-ана, түнгі уақытта кәмелетке толмағандардың тұрғын үйден тыс жерде болуына жол берген 107 мыңнан аса заңды өкіл, сондай-ақ, ойын-сауық орындарына балаларды кіргізген 2 мыңға жуық кәсіпкер әкімшілік жауапкершілікке тартылған.


Рекомендовать
Последние новости