Лимиттен асыра несие берген қос микроқаржылық ұйымның лицензиялары уақытша тоқтатылды

Кәмшат Тілеухан 04 окт. 2024 14:04 5070

ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі екі микро қаржылық ұйымның лицензияларының күшін уақытша жойды. Енді Bravo Microfinance және CashCapital компанияларына микрокредит беруге тыйым салынады, деп хабарлайды Dalanews.kz.

Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Bravo Microfinance мен CashCapital микроқаржы ұйымдарының микроқаржылық қызметті жүзеге асыруға арналған лицензияларының қолданыс уақытын үш айға тоқтатты.

"Лицензияның қолданылуын тоқтата тұруға ЖШС-лардың пруденциалдық нормативтерді, өзге де міндетті нормалар мен лимиттерді бұзу және уәкілетті органның жазбаша нұсқамасын орындамау негіз болды. Қос микроқаржы ұйымының микрокредит беру туралы жаңа шарттар жасасуына, оның ішінде микрокредит беру туралы қолданыстағы шарттардың қолданылу мерзімін ұзартуына және оларды микроқаржы ұйымының міндеттемелері мен жауапкершілігін, сондай-ақ қарыз алушының міндеттемелері мен жауапкершілігін ұлғайтуды көздейтіндей етіп өзгертуіне тыйым салынады. Дегенмен аталған микроқаржы ұйымдары микрокредит беру туралы бұрын жасалған шарттар бойынша өзіне қабылдаған міндеттемелерді орындауға міндетті", делінген ведомство хабарламасында.

Микрокредит беру туралы шарттар бойынша орындалмаған міндеттемелері бар МҚҰ клиенттері арада жасалған шарттардың талаптарына сәйкес МҚҰ алдындағы міндеттемелердің орындалмағаны үшін жауапты болады.


Рекомендовать
Последние новости