Луврды тонады деген күдікпен тағы бес адам ұсталды

Сағыныш Сардарова 30 окт. 2025 15:44

Францияда Луврды тонады деген күдікпен тағы бес адам ұсталды, деп хабарлайды Dalanews.kz.

RTL радиосының хабарлауынша, күдіктілер 29 қазан күні кешке Париждің әртүрлі ауданында бір мезетте ұсталған. Қалалық прокурор Лора Бекко тергеу мүддесіне байланысты олардың жеке тұлғасын жариялауға ерте екенін мәлімдеді.

Ұстау кезінде зергерлік бұйымдар табылмаған.

Еске салайық, 19 қазанда әлемге әйгілі Лувр мұражайында небәрі бірнеше минуттың ішінде ұрлық жасалып, залал көлемі 88 миллион еуроға бағаланған еді.

Бұған дейін осы іске қатысты екі адам қамауға алынған.


Рекомендовать
Последние новости