Киевте "БАСЕ" басылымының басшысы Айдос Садықовқа қастандық жасалды

Көркем Алдабергенова 18 июн. 2024 16:44 9636

Киевте қазақстандық журналист Айдос Садықовқа қастандық жасалды, - деп хабарлайды Dalanews.kz.

Бұл туралы украиналық БАҚ-тар хабарлай бастады. 

"Алдын ала болжам бойынша, Киевте Айдос Садықовқа қастандық жасалды. Ол - қазақстандық журналист, "БАСЕ" оппозициялық интернет порталының басшысы. Жағдайы ауыр", - деп жазылған "БАЙРАКТАР NEWS" телеграм арнасында.  

Бұған дейін телеграм арна Киевтің Шевченский ауданында атыс болғанын жазған. Басылым мәліметінше, тұрақта тұрған көлікте ер адам әйелімен отырған. Белгісіз біреу келіп, ер адамды атып жіберіп, қашып кеткен. Әйел адам жарақат алмаған. 

Журналист Наталья Садықованың сөзінше, Айдос Садықовқа үйінің маңында қастандық жасалған. 

Айта кетейік, Айдос Садықов Украинада ресми босқын мәртебесін алған. 2023 жылдың қазан айында Садықовқа Қазақстанда "әлеуметтік, ұлттық, рулық, тектік-топтық немесе діни алауыздықты қоздырғаны" үшін іздеу жарияланған болатын.


Рекомендовать
Последние новости