«Киелі мекен»: Қазығұрттағы «Ақбура» әулие және «Жақсығұл мерген» кесенелерінде тазалық жұмыстары жүргізілді

Жарбол Кентұлы 19 апр. 2024 17:58 5218

Мемлекет басшысының бастамасымен республика көлемінде ұйымдастырылып жатқан «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы барысында Түркістан облысы,  Қазығұрт ауданында жүйелі жұмыстар атқарылуда, – деп хабарлайды Dalanews.kz.

15 сәуірден бастау алған «Киелі мекен» апталығы бойынша кезекті тазалық жұмыстары Қазығұрт тауының баурайында орналасқан, өзіндік ерекше тарихы мен аңызы-әңгімелерге бай «Ақбура» әулие кесенесінде жалғасты.

Аудан әкімдігінің ұйымдастыруымен өткізілген сенбілік жұмыстарына ауданның жастары, еріктілер, ауыл тұрғындары және туристер белсенді атсалысты. Тазалық жұмыстары барысында әулие кесененің айналасы қоқыстардан тазартылып, шөптері қырқу, ағаштарын бұтау және ақтау секілді істер атқарылды. Ауыл қариялары мен кесененің шырақшысы әулие басында ел амандығы үшін құран бағыштап, тазалық акциясына қатысушыларға ел алғысын жеткізіп баталарын берді.

Айта кетейік, Ақбура кесенесі Қазығұрт тауының оңтүстік етегінде, табиғаты әдемі, тыныш, салқын жерде орналасқан. Кесене төңірегінде ондаған бұлақ ағып баршасының арнасы төменірек бір өзенге қосылады.

Ақбура баба Қ.А.Яссауидің заманында өмір сүріп, оның шәкірті болған, дін таратқан тұлға болған деседі. «Киелі мекен» апталығы бойынша кезекті тазалық жұмыстары Қазығұрт ауданы, Алтынтөбе ауыл округінде орналасқан «Жақсығұл мерген» кесенесінде жалғасты.

Бұл кесененің өзіндік тарихы бар. Дулаттың Жанысынан тарайтын Бөгежілі руынан шыққан Жақсығұл Шабайұлы 1643 жылы Орбұлақ шайқасында Қазақ елі үшін Жоңғар шапқыншыларына қарсы ерлік көрсетіп, батырлығымен көзге түскен. Жақсығұл батырдың денесі осы кесенеге жерленген.


Рекомендовать
Последние новости