Күйреген отбасы...

Dalanews 13 мар. 2017 03:39 795

Әлі өзіме өзім келе алатын емеспін. Сумилау миым дым қорыта алар емес...

Біздің бір ауданда бір отбасы бар болатын. Отағасы өзінің сегіз балалы отбасын тастап, сол ауылда тұратын алты баласы бар бәденді қатынға «ғашық» боп, үй-күйін тастап кеткен-ді.

Өз қатыны жер сабаласа да, шаруасын күйттеп (өйткені әйел ғой) жүре беріпті. Арада аз уақыт өтпей әлгі тастанды әйелдің қызы кеткен әкесінің «асыранды» баласымен жүреді» екен деген сыбыс жайлайды ауылға.

Арада бір уақыт өткеннен кейін сыбыс расқа айналды. Анасы өзінің қарсылығын білдіріп, қанша түсіндірсе де, қыз көнбейді. Сөйтсе қыз ауыраяқ болып қалған екен.

Ақыры әкесіне келін боп түседі. Мұны көтере алмаған бірінші әйелі у ішіп өледі. Әлгі әкені екінші балалары қуып жібереді.

Қазір әлгі «көкек» әке өз балаларының қолында. Қызы ана «өзінің» үйінде келін. Ал, не түсіндіңіздер? Кім кінәлі, әке, ме, қыз ба? Әлде, махаббат па? (Фактілер тексерілген).

 

Шара Тұрмағанбетова

(жазба автордың Фейсбукатағы парақшасынан алынды)

Рекомендовать
Последние новости