Күйеубала иелік еткен газ зауыты мемлекет меншігіне өтеді

Dalanews 15 июн. 2022 03:10 1017

Қашағандағы «GPC Investement» ЖШС газ өңдеу зауытына экс-депутаты Дариға Назарбаеваның күйеуі Қайрат Шәріпбаев басқарып, иелік еткен еді. Енді зауыт мемлекет меншігіне өтеді, – деп хабарлайды Dalanews.kz.

Қайрат Шәріпбаев Қашағандағы жаңа зауытты мемлекет есебінен аяқтағысы келген еді.

«1. «TauBerekeGroup» ЖШС-нің «GPC Investement» ЖШС (бұдан әрі – серіктестік) жарғылық капиталындағы қатысу үлесін 100%-ын сыйға тарту шарты бойынша республикалық меншікке беру туралы ұсынысын қабылданды.

  1. «Самұрық-Қазына» Ұлттық әл-ауқат қоры» АҚ орналастырылған акцияларын төлеуге серіктестіктің жарғылық капиталындағы қатысу үлестерін беру» делінген Энергетика министрлігі ұсынған Үкімет қаулысы жобасында.


Petrocouncil салалық басылымының хабарлауынша, Шәріпбаев «NCOC-тен ілеспе газды жеткізу туралы келісім мен Қазақстанның Даму банкінен (ҚДБ) газ өңдеу зауытын салуға несие алған.

Айта кетейік, ҚДБ өз кезегінде аталған газ өңдеу зауытының құрылысын синдикатталған қаржыландыруға қатысу мүмкіндігін қарастырып жатқанын, ал NCOC қазірдің өзінде мұнай құбырынан газ құбырын тартуға 50 миллион доллардан астам қаражат «Болашақ» кешенді мұнай-газ өңдеу қондырғысы салынып жатқан газ өңдеу зауытына бөлгенін мәлімдеген болатын.


Экс-президенттің күйеу баласы Шәріпбаев QazaqGaz басшысы қызметінен кеткеннен кейін, сарапшылардың пікірінше, GPP тағдыры күмән тудырған.

Энергетика министрлігінің түсіндірме хатында Шәріпбаевтың аты аталмай, Қашаған кен орнындағы шикізат негізінде қуаттылығы жылына 1,15 млрд текше метр болатын зауытты мемлекеттік балансқа беру идеясының өзі бұйрықпен бекітілді.

«ТауБерекеГрупп» ЖШС 2022 жылғы 16 мамырдағы No14-45 «GPC Investement» ЖШС-нің (бұдан әрі – серіктестік) жарғылық капиталындағы 100% қатысу үлесін мемлекет меншігіне беру ниеті туралы хат жолдады. Серіктестіктің жарғылық капиталындағы қатысу үлесін «Самұрық-Қазына» Ұлттық әл-ауқат қоры» АҚ орналастыратын акцияларды төлеуге беру жобаны іске асыруға, тиісінше дер кезінде зауыт құрылысын аяқтап, пайдалануға беруге мүмкіндік береді» деп түсіндірді Энергетика министрлігі.

Еске салайық, Шәріпбаев QazaqGaz басшысы лауазымын Қазақстандағы қаңтар оқиғасынан кейін босатқан болатын.

Рекомендовать
Последние новости