"Кремльге "қарыздар" болу қауіпті". ОДКБ Абай облысындағы өртті сөндіруге құмартып отыр ма?

Dalanews 13 июн. 2023 08:01 1202

Мәскеу Абай облысындағы өртті сөндіру жұмыстарына ОДКБ-ны тарту бойынша Иманғали Тасмағамбетовты жағалай бастады. Егер Қазақстан Ресей МЧС-ін шақырса, Кремльге бастысы осы жұмысты ОДКБ "соусымен" өткізу қажет болып тұр, – деп хабарлайды Dala Inside

DALA INSIDE дереккөзінің ақпаратынша, өзіне ОДКБ-ның ішінде жүйеқұраушы мемлекет деген статус жасатып алған Ресей, осы арқылы Қазақстанды толық өзіне қарыздар етпек.

Қаңтар оқиғасы кезінде Алматыға келген ОДКБ енді Қазақстанның шығысындағы өртті сөндіріп берсе, онда Тоқаев үшін Белгородты қорғауға контингент жіберуден бас тарту өте қиын болатыны анық.

Тасмағамбетов ОДКБ-ның әскери ұйым екенін айтып, мұндай ұсыныстардан мүмкіндігінше қорғанып отыр. МЧС барса, ол гуманитарлы миссия, Қазақстан да Ресей өртін сөндіруге бара алады деген позицияда.


Бірақ, Кремль қайтсе де Қазақстанды осы соғысқа араластыруды көздеп отыр. Түпкі мақсат – бізге санкция салдыру. Сонда біз Ресей мен Қытайға байланып қалатын боламыз.

Өрт біз үшін жағдайды қиындата түсті. Маневр аясы тар. Егер жаңбыр жауып, мәселені өз күшімізбен шешсек, онда бір қауіптің беті қайтады. Болмай бара жатса, Ташкентке телефон шалатын сияқтымыз. Мирзиеев бізге көмектесуге дайын отыр.

Рекомендовать
Последние новости