Астана әкімдігі мен полициясы интернет-алаяқтыққа қарсы күрес қарқынды жүргізуде

Dalanews 27 сент. 2023 16:38 1652

Бүгінде интернет алаяқтықтар ірі қалаларда жиі кездесетін қылмыстың түрі болды. Сол себепті елордамызда интерент алаяқтықтың алдын алуға қатысты құқықтық іс-шаралар жиі ұйымдастырылады. Дереке көздеріне жүгінсек, Астана қаласы аумағында ақпараттық технологияларды пайдалана отырып жасалатын 3 600-ден астам қылмыстық құқық бұзушылық тіркелген. Осы ретте Елорданың коммуникациялар қызметінде өткен брифингте қалалық Полиция департаментінің Криминалдық полиция басқармасының бастығы полиция полковнигі Дастан Қалиев алаяқтардың құрбаны кімдер екенін және олармен қалай күресетінін айтты, – деп хабарлайды Dalanews.kz Астана қаласы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Тәжірибе көрсеткендей, зардап шеккендердің барлығы бірдей құқық қорғау органдарына жүгінбейді. Түрлі жастағы адамдар алаяқтардың құрбаны болуы мүмкін. Көбінде ел азаматтары интернет алаяқтықты қалай күресуді білмейді. Шындығында қазір астана қаласында ақпараттық технологияларды пайдаланып, қылмысқа барып, оңай ақша табуға құныққандарға қарсы ымырасыз күрес жүргізілуде. Мұндай қылмысқа баратын алаяқтар өздерінің құрбандарын жас, кәрі деп бөлмейтіні белгілі. Кез келген адамның қалтасын қағуға даяр тұратыны анық.

Өз кезегінде Криминалдық полиция басқармасының бастығы Дастан Қалиев та интернет алаяқтықтар шектен шығып, халықты қан қақсатып отырғанын алға тартты.

– Қазір интернет алаяқтар көбінде қармаққа егде жастағы адамдарды түсіруге тырысады. Өйткені үлкен кісілер жастармен салыстырғанда жаңа технологиялармен таныс емес, тиісті деңгейде сақтанбайтыныy біледі. Сондықтан интернет алаяқтар бірінші кезекте егде тартқан адамдардың қалтасын қағуға тырысады, – дейді Дастан Қалиев. Осылайша Астана қаласы полиция басқармасы егде тартқан адамдарды алаяқтардан қорғауға барын салуда.


Сонымен қатар қазір көпшілік оңай жолмен ақша табуды жөн көретін адамдар да қоғамда көп кездесетіні анық. Бұл интернет алаяқтар үшін іздегенге сұраған болып тұрғаны жасырын емес. Мұндай жағдайда кибер қауіпсіздік мәселесімен күні-түні айналысып жатқан құқық қорғау органдарының жұмысын күрделендіре түсетіні жасырын емес. Сондықтан бұл бағытта қоғам болып халықтың көзін ашу маңызды міндет болып тұр.

Қазір көптеген адамдар өздерінің ұзақ уақыт бойы маңдай терін төгіп жүріп тапқан жинақтарын қандайда бір инвестициялық компанияларға салып, қаржысын еселеп аламын деген дәмемен опық жеп қалатынын күнделікті өмірде көріп жүрміз. Осы жайттардан ел азаматтарының қаржылық сауаттылығы тым төмен екенін байқауға болады. Бүгінде шетелде отырып, еліміздегі халықтың қаржысын сүлікше сорып отырған алаяқтар бар. Ал оларды құқық қорғау органдарының тауып, жазаға тарту тіпті мүмкін емес. Сондықтан ел азаматтары жинақтарын қандайда бір күмәнді инвестициялық компанияларға салып еселеп алғысы келгенде жақсылап ойланыуы керек.

Бүгінде жергілікті құқық қорғау органдарынан бөлек халықты интернет алаяқтардан сақтандыру үшін әкімдіктерде белсенді жұмыстар жүргізуде. Бұл жайында полиция полковнигі Дастан Қалиев ойын былайша сабақтады:

– Елордалық полиция департаменті қала әкімдігімен бірлесіп тұрақты негізде интернет-алаяқтықты азайтуға және халықтың қаржылық сауаттылығын арттыруға бағытталған алдын алу іс-шараларын жүргізіп жатыр.

Оның ішінде орта және жоғары білім беру мекемелері мектептерінің оқушыларымен, коммерциялық және коммерциялық емес ұйымдардың қызметкерлерімен «алаяқтардың айла-амалдарына түспеу және өз жинақтарын қалай үнемдеуге болады» тақырыбында дәрістер өткізіп келеміз, – деді білікті маман. Иә, халықтың қаржылық сауаттылығын көтеруде жас-кәрі деп бөліп жаруға әсте болмайда. Қоғамда интерент алаяқтарға қарсы иммунитет қалыптастыру ісі мектеп қабырғасынан бастау артықтық етпейді.


Бүгінде Астана қаласының белсенділері қала тұрғындары көптеп жиналатын орындарда жұртшылыққа ақпараттық-профилактикалық буклеттер таратылады, көшелерде трафареттерді пайдалана отырып ескерту жасап келеді. Бұдан басқа қаладағы ірі сауда орындары мен базарларда аудио және видео роликтер таратылуда. Осылайша Астана қаласы әкімдігі қалада интернет алаяқтықтың алдын алу үшін қолдан келген іс-шараларды ұдайы тоқтаусыз жүргізіп келеді.

Журналистермен болған брифингте Дастан Қалиев «Интернеттегі алаяқтық туралы хабардар болу көптеген қылмыстық шабуылдардың алдын алуға және өзіңізді ғана емес, жақындарыңызды да қорғауға көмектеседі», – деп атап өтті. Айтары жоқ, қазір интернеттегі алаяқтық әрекеттре өзге де қылмыстардың өршуіне негіз болып отырғаны жасыр емес. Сондықтан олардың айтқанына көніп, арбауына түсіп қалмауымыз керек.

Рекомендовать
Последние новости