Конституциялық комиссияда 130 кәсіби маман жұмыс істеп жатыр - Әбенов

Көркем Алдабергенова 09 февр. 2026 17:46

Конституциялық комиссияда 130 кәсіби маман жұмыс істеп жатыр, деп хабарлайды Dalanews.kz.

Бұл туралы Конституциялық реформалар жөніндегі комиссияның кезекті отырысында Парламент Мәжілісінің депутаты Мұрат Әбенов мәлімдеді.

Оның айтуынша, қазіргі кезең жаһандық өзгерістермен сипатталады, сондықтан қоғамның дамуына серпін беретін заманауи Конституцияның рөлі айрықша.

«Комиссия құрамына қатысты әртүрлі пікірлер айтылып жатқанын білеміз. Дегенмен қазіргі құрамның кәсіби деңгейі өте жоғары. Бұл жолы комиссия жұмысына 130 білікті маман тартылған. Олар ел мүддесін басшылыққа алып, ашық форматта бірлесіп еңбек етуде. Мамандардың қатарында 25 тәжірибелі заңгер бар, олардың басым бөлігі – заң саласындағы танымал ғалымдар», – деді депутат.


Рекомендовать
Последние новости
// Banner remove