Жұмыс орнында ұсталған шенеунік 3 миллион теңге айыппұл арқалады

Сағыныш Сардарова 07 февр. 2024 13:29 14436

Маңғыстауда Спорт басқармасының бұрынғы басшысы Қанат Жұмабаевқа қатысты қылмыстық іс аяқталды. Экс-шенеунікке 2 917 000 теңге айыппұл салынды. Бұл ақпаратты Маңғыстау облыстық соты жариялады, - деп хабарлайды Dalanews.kz.

Қылмыстық істің нәтижесінде Маңғыстау облысының Дене шынықтыру және спорт басқармасының экс-басшысы мен "Каспий" футбол клубының директорына айыппұл салынды.

"Сот алқасы Қанат Жұмабаевқа 2 917 000 теңге айыппұл салды. "Каспий" футбол клубының директорына белгілі бір лауазымдарды атқару немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан өмір бойына айыра отырып, 2 333 600 теңге айыппұл салынды", - деп жазылған хабарламада.

Айта кетейік, Қанат Жұмабаев 2022 жылы тамызда жұмыс орнында ұсталды. Былтыр мамырда сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет ұстаған Спорт және дене шынықтыру басқармасының бұрынғы басшысы Қанат Жұмабаевқа қатысты сот процесі аяқталды. Бірақ бұл кезде сот Қанат Жұмабаевты ақтап шықты.

2023 жылғы шілдеде Қанат Жұмабаев ақталған соң Маңғыстау облысының Спорт және дене шынықтыру басқармасының басшысы қызметіне қайта оралды. Алайда үш ай өткен соң қызметінен кетті.

Ал сол жылы қазанда облыстық Спорт басқармасының экс-басшысына қатысты қылмыстық іс қайта жаңа сот талқылауына жіберілді.


Рекомендовать
Последние новости