Жетісу облысы Ескелді ауданының прокуратурасы кәсіпкерлерге жер телімдерін пайдаланғаны үшін артық мөлшерде салық төлемдері есептелгенін анықтады, деп хабарлайды Dalanews.kz.
Прокурорлар Мемлекеттік кірістер органы Салық кодексінің 505-бабын бір шаршы метрге 0,48 теңге базалық мөлшерлемемен қолданудың орнына мәслихаттың 0,81 теңге ставкасымен күші жойылған шешімін басшылыққа алғанын анықтады.
"Қадағалау актісі бойынша кінәлілер тәртіптік жауапкершілікке тартылып, 91 кәсіпкерге 5 млн теңгеден астам сома ақшалай қаражаты қайтарылды", делінен құзырлы ведомство хабарламасында.
Бұған дейін сайтымызда "Блогер Әлішер Елікбаев салықтан жалтару ісі бойынша сотта жеңіске жетті" деген мақала жарияланған болатын.