Жемқорлықпен күрес ымырасыз жалғасады

Dalanews 26 окт. 2018 03:42 895

Төлеби ауданының кіші мәжіліс залында аудан әкімдігі жанындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері жөніндегі комиссия мәжілісі өтті.

Комиссияда Төлеби ауданы әкімі Бауыржан Омарбеков төрағалық етті.

Мәжіліске аудан әкімдігі жанындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері жөніндегі комиссия мүшелері Төлеби аудандық мәслихат хатшысы Нұрлан Қойбағаров, Төлеби ауданы прокуроры, кіші әділет кеңесшісі Даулет Тілемісов, ҚР Ұлттық Қауіпсіздік Комитетінің Түркістан облысы бойынша департаментінің Төлеби аудандық бөлімшесінің бастығы Айдар Шағырбаев қатысты.

Сондай-ақ, қала және ауылдық округ әкімдері, аудандық дербес бөлім, құқық қорғау органдарының басшылары шақырылған.

Күн тәртібінде Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес заңнамасының орындалуы бойынша 2018 жылы 9 айда атқарылған жұмыстар және алға қойылған міндеттері қаралды.

Күн тәртібіндегі мәселе бойынша аудандық құрылыс бөлімінің басшысы Ержан Бекболатов «Төлеби аудандық құрылыс бөлімі» мемлекеттік мекемесінің сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөнінде іс-шаралар жоспарының орындалу барысы туралы баяндама жасады.

Аудандық білім бөлімінің басшысы Роза Аманова білім саласы бойынша баяндады.

Аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің басшысы Әуесбек Жақсыбекұлы 9 айда атқарылған жұмыстары бойынша слайдпен баяндама жасап «Жебе» драмалық ұжымының сыбайлас жемқорлыққа қарсы сахналық қойылымы жайлы айтып өтті. Баяндама барысында аудандық прокурор Д.Тілемісов аталған қойылымды алдағы уақытта мемлекеттік қызметкерлердің алдында көрсетуді ұсынды.

Кемеқалған ауылдық округінің әкімі Досымжан Дәрібаев Кемеқалған ауылдық округі әкімінің сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл, қылмысқа және құқық бұзушылыққа қарсы атқарған жұмыстары туралы слайдпен баяндама жасады. Баяндамада әкімшілік құқық бұзушылықтың, оның ішінде кәмелетке толмағандардың арасындағы құқық бұзушылық профилактикасы, отбасылық, тұрмыстық зорлық-зомбылықтың, ұрлық сынды қылмыстардың алдын алу тақырыбында құзырлы органдарымен және діни бірлестіктермен өткізілген кездесулерінде айтты.

Киелітас ауылдық округінің әкімі Полат Төребеков Қазақстан Республикасының 2015-2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясын іске асыру және көлеңкелі экономикаға қарсы іс-қимыл жөніндегі аудан әкімдігінің 03.08.2015 жылғы №551 қаулысына сәйкес 2015-2017 жылдарға арналған іс-шаралар жоспары және аудан әкімдігінің 29.08.2018 жылғы №535 қаулысына сәйкес 2018-2020 жылдарға арналған іс-шаралар жоспарының 2018 жылдың 9-айында атқарылған жұмыстары туралы слайдпен баяндама жасады.

Әр баяндама соңында, баяндамашылар өз тәжірибелерімен бөлісіп, қойылған сұрақтарға жауап берді.

 

Төлеби ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі

 

Рекомендовать
Последние новости