Жарыссөз аяқталды: Бишімбаев пен Байжанов соңғы сөзін қашан айтатыны белгілі болды

Көркем Алдабергенова 04 мая 2024 15:03 4201

Бүгін Қуандық Бишімбаев пен Бақытжан Байжановқа қатысты қылмыстық іс бойынша кезекті сот отырысы өтті, - деп хабарлайды Dalanews.kz

Сотталушылардың соңғы сөзі 6 мамырда сағат 10:00-де өтеді.

Бүгін сот жарыссөзінде сотталушылар сөз сөйледі, содан кейін тараптардың ескертулері тыңдалды.

Одан әрі сот алқабилердiң қатысуынсыз жарыссөздің екінші бөлігіне көшті (ҚПК-нің 651-бабына сәйкес алқабилер қатысатын сотта тараптардың жарыссөзi екi бөлiктен тұрады).

Жарыссөздiң екiншi бөлiгiнде тараптар сотталушылардың әрекеттерiн саралау, жаза тағайындау, азаматтық талап қою мәселелерi бойынша ұстанымдарын баяндады.

 


Рекомендовать
Последние новости