Жаңаөзенде теңіз суын тұщытатын зауыт салынады

Dalanews 13 мая 2021 11:14 1356

Жаңаөзен қаласын кешенді дамыту жоспарына сәйкес 2020-2023 жылы Тоқмақ мүйісінен су тазартатын зауыт іске қосылады. Бұл туралы Маңғыстау облысы қоғамдық коммуникация орталығында өткен брифингте Жаңаөзен қаласының әкімі Мақсат Ибағаров мәлім етті, – деп хабарлайды Dalanews.kz.

Қала басшысының айтуынша, 5 мамыр күні Маңғыстау облысы әкімінің қаулысы бекітіліп Қарақия ауданына тиесілі Тоқмақ мүйісінің 818 мың гектар жері ұзақ мерзімге Жаңаөзен қаласына беріледі. Қала халқының ауыз суға деген қажеттілігін жою бағытында іске қосылатын жаңа зауыт тәулігіне 50 мың текше метр су шығарады деп жоспарланған.

– Су тұщыту зауытының құрылысы бойынша «ҚазМұнайГаз», «ӨзенМұнайГаз» акционерлік қоғаммен технико-экономикалық негіздеме жасақталып, сараптаманың оң қорытындысы алынды. Негіздемеге сәйкес зауыттың Жаңаөзенге дейінгі магистралдық су құбыры есептелді. Жоспарға сәйкес зауыттың құрылысын қаржыландыру «ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясына жүктелген. Қазіргі уақытта зауыттың құрылысын жобасын жасау және құрылыс монтаж жұмыстарын бірге жүргізу үшін «ҚазМұнайГаз» компаниясы тарапынан тиісті қаражат көзі іздестірілуде, – деді Жаңаөзен қаласының әкімі Мақсат Ибағаров.

Рекомендовать
Последние новости