Жаңаөзен тұрғындары митингке шығып, билікке талап қойды

Сымбат Сатыбалдина 07 февр. 2024 16:07 2405

Жұмыссыз қалған Жаңаөзен тұрғындары әкімдік алдына жиналып, митинг ұйымдастырып, президент пен өңірдегі басшыларға үндеу жасады, - деп хабарлайды Dalanews.kz. 

Жұмыссыз қалған ондаған жаңаөзендік 6 ақпанда жиналған. Олар билікке үндеу жасады. Қала тұрғындары жұмыспен қамтуды сұрады. 

 
"Біз 6 ақпаннан бері қалалық әкімдікте күні-түні тұрмыз. Біз, Жаңаөзен тұрғындары бізге тұрақты жұмыс беруді талап етеміз, бізге одан басқа ештеңе керек емес. Не үйіміз, не жұмысымыз жоқ. Президенттен осы проблемаға назар аударып, оны шешуге көмектесуді сұраймыз", - дейді тұрғындар. 

Рекомендовать
Последние новости