Жамбылдағы шұрқ-тесік жолдар: шенділер жауапқа тартылды

Сағыныш Сардарова 13 авг. 2025 15:50

Жамбылдағы шұрқ-тесік жолдар үшін шенділер жауапқа тартылды, деп хабарлайды Dalanews.kz.

7 ай ішінде тасжолдарда 2 111 тексеріс өтіп, 14 988 шақырым жол жабыны қаралған. Тексеріс нәтижесінде жол таңбасы бүлінуінен бастап инфрақұрылымның техникалық талаптарға сәйкес келмеуіне дейін түрлі сипаттағы 9 494 ақау анықталған.

Жол ұйымдарына анықталған кемшіліктерді жою жөнінде 2 111 нұсқау берілген.

"Бұл ретте тек нұсқау берумен шектелмейміз, жол қауіпсіздігін қамтамасыз етпегені үшін жауапты лауазымды тұлғалар әкімшілік жауапкершілікке тартылады. Адамдардың қауіпсіздігі - біздің басты басымдығымыз", - деді Жамбыл облысы ПД әкімшілік полиция басқармасының жол-техникалық инспекция бөлімінің бастығы Азамат Бақытұлы.

Облыс көлемінде 263 лауазымды тұлға жауапқа тартылған.

Сонымен қатар, берілген нұсқауды орындамағаны үшін тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық бөлімдеріне және "ҚазАвтоЖол" ҰК" АҚ Жамбыл облыстық филиалына ҚР ӘҚБтК-нің 462-бабы 3-бөлігі бойынша 31 әкімшілік хаттама толтырылған.


Рекомендовать
Последние новости