Жамбыл облысында 12 оқушы уланып қалған

Сағыныш Сардарова 12 нояб. 2025 10:29

Жамбыл облысында 12 оқушы уланып қалған, деп хабарлайды Dalanews.kz.

11 қарашада сағат 11:07-де Байзақ ауданының Мырзатай ауылында орта мектеп оқушылары тамақтан уланғаны анықталды.

Аудандық орталық аурухананың мәліметінше, 11 қарашада таңертең балалар мектептің қарсы бетіндегі жеке дүкеннен сатып алған жылдам дайындалатын тағамдарды (сэндвич, бургер, кириешки) жеген. Арада 1–2 сағат өткен соң балаларда жүрек айну, құсу, бас ауруы және әлсіздік сияқты улану белгілері байқалған.

"12 оқушы Байзақ аудандық орталық ауруханасының жұқпалы аурулар бөлімінде тексерістен өтті. Балалардың жағдайы тұрақты жоқ. Балалар үйіне қайтарылды", - деді жауаптылар.

Науқастарға тиісті ем-шаралары көрсетілген. Зертханалық тексеріс жүргізіліп, уланудың себебі анықталып жатыр.

 


Рекомендовать
Последние новости