Глубокое ауданында Наурыз мерекесі қызықты әрі көңілді өтті

Dalanews 22 мар. 2022 12:35 914

Бүгін Глубокое ауданының тұрғындары Ұлыстың ұлы күні әз-Наурыз мерекесін кеңінен және салтанатты түрде атап өтті, – деп хабарлайды Dalanews.kz ШҚО облысы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Таңертеңнен бастап Абай атындағы мәдениет үйінің аумағында ұлттық әуендер мен ән-күйлер алыстан естіліп тұрды. Ұлттық әдемі костюмдерде тұрғындар мен қонақтарды әндермен және билермен көркемөнерпаздар ұжымы қарсы алды.

Бұл күні ұлттық қолданбалы өнер көрмесі ұйымдастырылды.

Арнайы жабдықталған киіз үйде тұрғындар мен қонақтарға қазақтың ұлттық тағамдары мен тәттілері ұсынылды.

Сондай-ақ мерекеде «садақ ату», «асық ату», шахмат, дойбы, тоғызқұмалақ және басқа да қызықты спорттық жарыстар көрініс тапты. Алтыбақан, балалар алаңы, әткеншектер бүлдіршіндер үшін керемет ойын-сауыққа айналды.

Сондай-ақ, тұрғындар түрлі байқауларға, сұрақ-жауаптарға, мерекелік лотереяға және басқа да көптеген қызықты ойын-сауыққа қатысты.



Тұрғындар үшін басты тосынсый – Алматы қаласынан шақырылған әртістер Гүлмира Избасхан мен кубалық «Umberto project» тобы кент тұрғындарына тамаша көңіл-күй сыйлады.

Мереке шынымен де қызықты әрі көңілді өтті.

Ерекше әсер сыйлаған Наурыз мерекесі көптің көңілінде талай уақыт жүретіні сөзсіз.

Рекомендовать
Последние новости