«Фридом Финанс» «Самұрық-Қазына» АҚ еурооблигацияларын дебюттік орналастыруда жетекші менеджер атанды

Dalanews 26 окт. 2021 05:56 1059

«Фридом Финанс» АҚ $500 млн сомасына «Самұрық-Қазына» АҚ еурооблигацияларын дебюттік орналастыру бойынша жетекші қазақстандық менеджерлердің бірі атанды.

2021 жылы 21 қазанда Қазақстан қор биржасы (KASE) және Astana International Exchange (AIX) сайттарында «Самұрық-Қазына» АҚ-ның АҚШ долларымен номинацияланған бес жылдық халықаралық жоғары қамтамасыз етілмеген борыштық облигацияларының дебюттік шығарылымын орналастыруға қатысуға өтінімдер қабылданды. KASE және AIX-те инвесторлардың өтінімдерін қабылдау құнды қағаздарды шет мемлекеттің аумағында орналастырумен бір мезгілде басталды.

Қазақстандық инвесторлар берген өтінімдердің жалпы көлемі 216 миллион долларды құрады. Жалпы тапсырыстар кітабын қарау нәтижелеріне сәйкес аталған орналастыру бойынша облигацияларды өтеу мерзімінің аяқталуына дейінгі кірістілік жылдық деңгейі 2,25%-ға жетті. Еурооблигациялар шығарылымының көлемі 500 млн АҚШ долларын,  купондық мөлшерлеме жылдық 2,00%-ды құрады. Инвесторлардан түскен және қанағаттандырылған өтінімдер бойынша есеп айырысу 2021 жылдың 28 қазанында жүзеге асырылады.

Шығарылымның басым бөлігі (43%) KASE және AIX арқылы өтінімдерін берген қазақстандық инвесторлардың сұранысын қанағаттандыру аясында орналастырылды. Қалған бөлігі Ұлыбритания (19%), Еуропа (18%, Ұлыбританияны қоспағанда), АҚШ (16%) және Азия (4%) инвесторлары арасында бөлінді. Жалпы 70-тен астам халықаралық инвесторлардан облигацияларды орналастыруға өтініш келіп түсті.

Еурооблиагцияларды орналастырудың жетекші қазақстандық менеджерлері мен букраннерлері ретінде «Фридом Финанс» АҚ және «First Heartland Securities» АҚ қатысты. Citigroup Global Markets Limited, MUFG Securities EMEA plc, UBS AG London Branch, VTB Capital plc  сынды халықаралық банктер бірлескен жетекші менеджерлер мен букраннерлер ретінде әрекет етті.

Қарыздық құнды қағаздар ағылшын құқығына сәйкес шығарылады және 144А ережесі мен S талаптарына (Regulation S) сәйкес шығарылды.  


S&P Global Ratings және Fitch Ratings агенттіктері аталған еурооблигациялар шығарылымының рейтингтерін сәйкесінше «BBB-« және «BBB» деңгейінде анықтады.

Еурооблигацияларды есептегеннен кейін эмитент KASE және AIX-те листинг рәсімдерін аяқтауды жоспарлап отыр. Сондай-ақ, еурооблигацияларды Лондон қор биржасының (LSE) ресми тізіміне енгізу жоспарланды.

Еурооблигацияларды орналастырудан түсетін түсімдердің мақсаты эмитенттің синдикатталған және банктік несиелер бойынша бар қарызын қайта қаржыландыру, сонымен қатар, жалпы корпоративтік мақсаттарды қаржыландыру болып табылады.

«Бұл «Фридом Финанс» қатысқан құнды қағаздардың ең ірі шығарылымы ғана емес, сондай-ақ, биылғы қазақстандық эмитенттің доллармен деноминацияланған ең ірі еурооблигацияларының бірі болып табылады. Барлық қатысушылардың мәмілені жүзеге асыруының дұрыс стратегиясын таңдауының арқасында «Самұрық-Қазына» АҚ дебюттік орналастыруында тек жоспарлы көлемнен шамамен үш есе артық жазылымға ғана ие болып қана қоймай,  ұқсас деңгейдегі ұйымдардың құнды қағаздарының саудасынан төмен баға бойынша орналастыруды қамтамасыз еткен жеткілікті шегіне қол жеткізу мүмкін болды. 

«Фридом Финанс» үшін бұл тек сәтті транзакцияға қатысу ғана емес, сондай-ақ, мәлімделген сұраныстың көлемі мен баға параметрлері бойынша батыстың  инвестициялық банктерімен айтарлықтай бәсекелестікке түскен қазақстандық инвесторлардың жоғары белсенділігі өте маңызды. Біздің ойымызша, бұл аллокация көлемі жергілікті нарықтағы міндетті 20%-дан асатын қазақстандық инвесторлардың қатысу деңгейі бойынша ең сәтті орналастыру. Біздің бағалауымызға сәйкес аллокация көлемі жергілікті сұраныстың қалыпты деңгейінен де асып түсті. 

«Фридом Финанстың» облигацияларды орналастыруға қатысуы біз үшін ерекше маңызды. Себебі біздің компанияның халықаралық облигацияларды шығару және орналастыру бойынша ұйымдастырушылар мен букраннерлердің бірі ретіндегі дебюті қор нарығы үшін осындай маңызды мәміле аясында өтті.


Бұл оқиға мен орналастыру барысында қол жеткізілген нәтижелер бізге «Фридом Финанстың» инвестициялық банк ретіндегі жетістіктері әділ бағаланатынына сенімділік беріп қана қоймай, сонымен бірге осы саладағы қызметімізді кеңейтуге ынталандырады», – деп мәлім етті Freedom Holding Corp-тың  бас атқарушы директоры Тимур Турлов. 

 

Рекомендовать
Последние новости