“Ұлттық ақпараттық технологиялар” акционерлік қоғамы eGov Mobile қосымшасына жаңа функциялар енгізілгенін мәлімдеді, деп хабарлайды Dalanews.kz.
Енді әскери қызмет туралы ақпаратты қосымша арқылы алу және жіберу мүмкіндігі пайда болды. Бұл жаңалық Сандық ақпарат қызметінің жаңартылуынан кейін жүзеге асты.
Қосымшаның жаңа нұсқасы арқылы келесі деректер қолжетімді болады:
•Әскери қызметке шақыру туралы ақпарат – азаматтың шақыру мәртебесі мен мерзімі жайлы толық мәліметтер.
•Әскери қызметке қатысу туралы ақпарат – әскери міндеттілік мәртебесіне қатысты өзекті деректер.
Қазақстандықтар жеке деректерін ЖСН, компанияның БСН немесе мобильді азаматтар базасында тіркелген телефон нөмірі арқылы өз бетімен жібере алады. Сонымен қатар, деректерді жұмыс берушінің сұрау салуы бойынша да жіберу мүмкіндігі бар. Бұл жағдайда жұмыс беруші ЖСН немесе телефон нөмірі арқылы сұрау жібереді. Пайдаланушыға хабарлама келіп, ол сұрауды растауы немесе қабылдамауы қажет. Деректерді eGov Mobile қосымшасындағы арнайы сілтеме арқылы мессенджерлер немесе электронды пошта арқылы жіберуге де болады.
Сервисті қолдану тәртібі:
1.eGov Mobile қосымшасында авторизация жасап, “Мәліметтер” бөлімін ашу.
2.“Тарих” бөлімінен мәліметтерге қолжетімділік сұрауларының тізімін қарап шығу.
3.Мәліметтерді беруге рұқсат беру немесе сұрау салуды қабылдамау батырмасын басу.
4.Қажет болса, бұрын берілген мәліметтерді “Қайтарып алу” батырмасын пайдаланып кері қайтару.
Жаңартылған функциялар eGov Mobile қосымшасының қолжетімділігін арттырып, азаматтарға ыңғайлы болу үшін жасалған.