Талғарда Шерзат Болаттың өлімінен кейін кадрлық "тазалау" жүрген еді. Бүгін аймақта тағайындау басталып, Талғар ауданы әкімі аппаратының басшысы тағайындалдыі,- деп хабарлайды Dalanews.kz.
Талғар ауданы әкімдігінің баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, Талғар ауданы әкімі аппаратының басшысы лауазымына Абдалимов Нуржан Диханбекович тағайындалды.
Нуржан Диханбекович 1988 жылы 10 маусымда дүниеге келген. Білімі жоғары. Қазақ қатынас жолдары университетін кеден ісі мамандығы бойынша бітірген. Сонымен қатар, «Қайнар» академиясында құқықтану магистрі дәрежесін алған.
• 2011 жылы «Алматы қаласының ақпараттық жүйелер орталығы» КМК-да аға оператор;
• 2011-2015 жылдары Алматы қаласы Алатау ауданы әкімінің аппаратында кәсіпкерлік пен өнеркәсіпті дамыту жөніндегі бөлімінің маманы;
• 2015 жылы мемлекеттік-құқықтық бөлімінің басшысы;
• 2015-2018 жылдары кәсіпкерлік пен өнеркәсіпті дамыту бөлімінің басшысы;
• 2018-2019 жылдары мемлекеттік-құқықтық бөлімінің бас маманы;
• 2019-2021 жылдары «АлматыЭлектроТранс» ЖШС-де бөлім басшысы;
• 2023 жылдың сәуірінен бастап бүгінге дейін Талғар ауданы әкімінің аппараты мемлекеттік-құқықтық бөлімінің басшысы қызметін атқарған.
Айта кетейік, 15 қазанда Талғар қаласының әкімі Қуатбекұлы Бахыт Күрішбеков, Талғар қаласы әкімінің орынбасары Матан Сағындық өз міндеттерін тиісті деңгейде атқармағаны үшін лауазымдарынан босатылды.
Еске салайық, 4 қазанда түнде Талғарда 16 жастағы жасөспірім өлтірілді. Қайғылы оқиға болған күні Шерзат Болат дүкенде жұмыс істейтін әкесіне көмектескен.
Кәмелетке толмаған баланы өлтіру дерегі бойынша Алматы облысының полиция департаменті қылмыстық іс қозғады.
Қазіргі таңда кінәлі деп танылғандар ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамауға алынды.
Сонымен қатар, Алматы облыстық полиция департаменті бастығының міндетін атқарушы Шалқаров төбелестен кейін қанша қару тәркіленгенін айтты.
Кейінірек Алматы облысы прокурорының орынбасары мен Талғар ауданының прокуроры қызметінен босатылды.
Сонымен қатар, Талғар ауданы әкімі аппаратының басшысы, Хасан Қасымбаевтың ағасы Аслан Қасымбаев қызметінен кетті.