Қазақстандық теннисші Елена Рыбакина Қытайдағы Нинбо Опен турнирінің кубогын жеңіп алды, деп хабарлайды Dalanews.kz.
Финалда Қазақстанның бірінші ракеткасы және әлемдік рейтингтің 9- орындағы ойыншысы Елена Рыбакина рейтингте 10-орында тұрған ресейлік Екатерина Александровадан басым түсті. Ойын үш сетке созылып, 6:3, 0:6, 2:6 есебімен Еленаның пайдасына аяқталды.
Айта кетейік, Қытайдағы Нинбо Опен турнирінің жүлде қоры 1 миллион 64 мың 510 долларды құрайды. Ал турнир жеңімпазы Елена Рыбакина жеке өзі 164 мың доллар (88 миллион 474 мың теңге) алды.
Сондай- ақ, қазақстандық спортшы WTA турнирлеріндегі 10-шы титулын жеңіп алды (оның ішінде екі WTA 1000 трофейі және бір «Үлкен дулыға- Уимблдон бар). Ол бұл көрсеткішке жекелей сында жеткен алғашқы қазақстандық тенинисші атанды.