Дулыға Ақмолда: «Жабырқама, жасыма досым!»

Dalanews 08 янв. 2018 03:06 1609

Белгілі актер Дулыға Ақмолда өзінің Фейсбуктағы парақшасына досы, өнердегі әріптесі Ерлан Біләл мен өзінің фотоасын қатар жариялап, М.Әуезов атындағы академиялық драма театрдың басшысы Ерлан Біләлге қолдау көрсетті. 

 

Оз жан азабын сезген адам-тiрi жан,

Озгенiн жан азабын сезген адам-нагыз адам...

Бiз кұдiреттi өнер жолында табыстык. Бозбала едiк. Бiрге өсiп, бiрге өрбiдiк, жетiлдiк. Қыран қанаттанып, қырдан астық. Аш құрсақ болып ашыққан кезде де, болмашыға қуанып, көнiл толқынын тасытқан кезде де бiрге болдық, әлi де бiргемiз.

Өмiрдiң тәттi түстей тамылжып өте бермейтiнiне әлдеқашан көз жеткен.

Жаңылмайтын жақ, сүрiнбейтiн тұяк жок. Бүгiн сен сүрiнсең, ертен оның сүрiнбесiне кiм кепiл?.. Бәрi құдiретi күштi бiр Аллаға ғана аян.

Сүрiнгенге сүйенiш болып, құлағанды колдау – атадан қалған өсиет. Ең бастысы, жабырқама, жасыма досым!

Рекомендовать
Последние новости