"Домбыра харам деген адамдардың дұғасы қабыл болмайды" - Нұрлан имам

Сағыныш Сардарова 29 апр. 2025 16:28 617

Әлеуметтік желіде Нұрлан имамның тағы бір мәлімдемесі тарады. Нұрлан Байжігітұлы бұл жолы домбыраны арам дейтіндерге қатысты пікір білдірген,- деп хабарлайды Dalanews.kz.

Кейінгі кезде қоғамда қазақтың ұлттық құндылықтарына, рухани мұрасына тіл тигізу етек алған. Соның ішінде домбыра туралы сөйлеп, жұрттың сынына қалғандар көп.

Имамның сөзінше, мұндай адамдардың дұғасы қабылмайды.

"Домбыраны арам деген адамның, домбыра харам деген адамдардың дұғасы қабыл болмайды. Сондықтан қазақтың домбырасына тіл тигізген адамдардың намазы қабыл болмайды", - деді ол.

Айта кетейік, бұл мәселені бұған дейін DALA INSIDE зерделеген еді.

Домбыра мен Наурызды харам деу, Қазақстан туына араб қылышын қойып никабпен фотоға түсу сияқты әрекеттердің көбеюі билікті ойландырып отыр.

"Жақын арада салафизм, вахабизм идеологиясымен ақпараттық кеңістікте күресу бойынша арнайы штаб құрылуы мүмкін. Оған мықты идеологтар, психологтар, PR мамандары, журналистер мен интернетте танымал тұлғалар тартылуы тиіс. Өзара бұл штабқа "анти ПРОНТО" деген кодтық атау қойылды", - деді DALA INSIDE дереккөзі бұған дейін.

Бұл тұста Нұрлан имам мешіт емес, мектеп көбірек қажеттігін, қазақтың салт-дәстүрлері мен ырымдарының харам еместігін кеңінен айта бастаған.

"Бірақ жалғыз имамның күші жеткіліксіз. Сондықтан штаб қажет деп тапса, онда бұл операцияға "Мәңгілік ел" ботофермасы тартылуы мүмкін. Еліміздегі нөмірі екінші ботоферма халықаралық ПРОНТО-мен кәдімгідей күресе алады", - деді бұған дейін арна.

Желіде тараған кезекті видео осының көрінісі болса керек.


Рекомендовать
Последние новости