Депутат Қазыбек Иса Назарбаевтың 41 қиянатын атады

Сағыныш Сардарова 06 мар. 2024 15:46 7641

Мәжіліс депутаты Қазыбек Иса Qazaq uni-не берген сұхбатында сайлауға қатысты былықтың бетін ашып, Қазақстан мұнайдан тамшыдай ғана пайда көріп отырғанын мәлімдеді, - деп хабарлайды Dalanews.kz.

Депутат әлі күнге дейін сайлауда күмәнді нәрсе көп екенін жеткізді.

"2023 жылы қаңтар айында сайлау заңына өзгерістер енгізу туралы депутаттық сауал жасадым. Сол кезде депутаттық сауалым тарап кетті. 2007 жылы сайлауға өзім қатыстым. Ол - партиялық тізіммен түсетін Парламент сайлауына үшінші сайлауымыз. Ешқандай партияны түсірген жоқ, тек "Нұр Отанды" ғана түсірді. 2023 жылы депутаттық сауал жасаған кезде осыны айттым. "Нұр Отанға" 90 пайыз дауыс берді дегенге кім сенеді?" дедім. Нұр Отанның өзі де оған сенбейді. Өйткені 2007 жылғы сайлау кезінде өзім басында болдым. Шардарада жүрдім. Сенің көзіңше сайлау комиссиясының қызметкерлері Ақжолдың даусын өзгертіп жатады. Он есе кішірейтіп. 

2007 жылы "Елбасыға елдің сенімі біткен сайлау" деген мақала жаздым. 2007 жыл - елбасы қаһарлы, қылышынан қан тамып тұрған кез. 24 тамызда шықты. Оның ішінде "41 қиянат деген" сөз бар. Қиянат не? Ақжолға бөлінген 70 пайыз дауыс қайда, неге жалғыз Нұр Отан өтті? "Парламентте дауыс беру осындай болса, мұның алдында өткен Президент сайлауына да елдің күмәні көп қой. Қазіргі президентіміз кімнің орнында отыр" деген сөз бар, жаңағы 41-дің ішінде", - дейді ол.

Сонымен қатар, депутат "қазақ қашан өз мұнайынан пайда көреді?" деген сұраққа жауап берді.

"2013 жылы шетке кеткен ақшаны қайтару керек" деп Мәжіліс депутаты, Ақжол партиясының төрағасы Азат Перуашевпен бірге Швейцарияға барғанбыз. Мұнайға келейік. Мұнай мәселесін де талайдан бері айтып келе жатырмыз. Мұнайға байланысты өнімді бірлесіп бөлісу деген келісімшарт бар. Осындай келісімшартты дамыған елдер жасамайды. Біз де оны қазір тоқтатқанбыз. Бірақ 1994 жылы, 1997 жылы осындай заң қабылдап, бүкіл мұнайымыз, газымыз сол келісімшартпен әлі келе жатыр. Инвестор келеді шетелден, оған ешқандай зиян тимейді.

Табысты бөліскенде, мысалы, Қашағаннан бізге тамшы тиіп отыр. Бізге тиетіні екі-ақ пайыз екен. Сонда мұнайдың мұхитынан тамшы алып отырмыз", - дейді Қазыбек Иса.


Рекомендовать
Последние новости