Тұңғыш жоғары оқу орнының жазба әдебиеттің алыбы, ойшыл философ Абай атымен аталуы да заңдылық. Абай әдебиеттің ғана емес, жалпы қазақ руханиятының қайнар көзі әрі ұмтылып жетер шыңы деуге келеді.
[caption id="attachment_35775" align="aligncenter" width="800"] Тахир Балықбаев, ҚазҰПУ ректоры[/caption]
Осы орайда оқу ордамызда Хакім Абайдың тағылымдық мұрасын кеңінен насихаттауға үлкен мән берілген. 2008 жылы «Абайтану» ғылыми-зерттеу орталығы ашылып, барлық мамандықтары бойынша 1 курс студенттеріне 1 кредит бойынша «Абайтану» пәні оқытылуда. «Абайтану» пәнін сабақ ретінде енгізіп, оны қазақ, орыс топтарындағы студенттерге бір семестр бойы өту – Абай университетінде жүзеге асып отырған игілікті де жаңалықты бастама. Байқап жүрміз, «Абайтану» дәрісінің толық курсын өткен студенттер адам, өмір, заман, иман тануға келгенде біршама өсіп, өзгеріп, ой-санасы, мінез қалпы толысып, ізгілене түскені көрінеді.
Абай өмірі мен мұрасын терең тану мақсатында «Абайтану» кабинет-мұражайы ашылып, студенттердің практикалық жұмысына пайдаланылуда. Ақынның сөз маржандары мен ой жаућарларын студент жастардың бойына сіңіру мақсатында жылсайын «Абай айтады...» акциясы және «Абай сыйлығына» жыл сайын пәндік олимпиадасы өткізіліп тұрады.
Хәкім Абайдың өмірі мен шығармашылығын жастар арасында кеңінен насихаттау мақсатында екі жылда бір рет «Абай әлемі» республикалық жастардың өнер фестивалі фестивалін өткізу дәстүрге айналып, биылғы жылы да өз жалғасын тапты.
Қазақ білімі қара шаңырағының 90 жылдығы аясында бұл шара ағымдағы жылдың 24-25 сәуірі күндері ұйымдастырылды. Екі күнге созылған білім мен өнер фестивалі «Абай өлеңдері», «Абайдың қара сөздері», «Абай әндері» байқаулары бойынша жүргізіліп, республикамыздың 22 жоғары оқу орнынан 106 үміткері бақтарын сынады.
Фестивальдің ашылу салтанатында арнайы сөз сөйлеген университетіміздің ректоры, профессор Такир Оспанұлы Балықбаев білім ордамызда Хәкім Абайдың мұрасын насихаттау бағытында атқарылып жатқан жұмыстар туралы тілге тиек етіп, барша қатысушыларға сәттілік тіледі.
Салтанатты шараның шымылдығын Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, «М. Әуезов Қазақ мемлекеттік академиялық драма театрының актері Жалғас Толғанбай «Абай монологымен» ашып, еліне тыныштық пен бейбіт өмірді, адамзатқа бақытты ғана тілейтін күрескер ақынның бейнесін көрсетті. Одан әрі шара университет өнерпаздарының қатысуымен концерттік бағдарламаға ұласты.
Фестиваль байқауларына елімізге белгілі әдебиеттанушы ғалымдар, мәдениет және өнер қайраткерлері, кәсіби әнші-сазгерлер мен тәжірибелі ғалым-ұстаздар әділ қазылық етті. «Абай өлеңдері» байқауы бойынша «Хәкім Абай» ҒЗО аға ғылыми қызметкері, ф.ғ.д., академик Мекемтас Мырзахметұлы, «Абайдың қара сөздері» байқауы бойынша «Хәкім Абай» ҒЗО директоры, доцент Жабал Шойынбет, «Абай әндері» байқауы бойынша Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, әнші, продюсер, композитор Арман Дүйсенов қазылар алқасына төрағалық етті.
Қазылар алқасы мүшелігінде университетіміздің профессоры, филология ғылымдарының докторы Балтабай Әбдіғазиұлы, «Серпер» жастар сыйлығының лауреаты, ҚР Жазушылар одағының мүшесі, «Мөлдір бұлақ» журналының бас редакторы, ақын Саят Қамшыгер, Сүлеймен Демирел университетінің профессоры, филология ғылымдарының докторы, жазушы Дандай Ысқақұлы, Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық университеті қазақ әдебиеті кафедрасының меңгерушісі, ф.ғ.д., профессор Сәуле Ержанова Қазақстан Республикасының мәдениет қайраткері, сазгер, продюсер Бауыржан Есебаев, әнші, актриса Айсұлу Алпысбаевалар болып, екі күн бойы қатысушылардың өнерін әділ бағалады.
[caption id="attachment_35777" align="aligncenter" width="800"] ????????????????????????????????????[/caption]
Байқау қатысушыларының бірі Хәкімнің сөз өнеріндегі көркемдік қуатын, философиядағы даналық дүниетанымын аша түссе, бірі өлеңдерін нақышына келтіріп оқып, әуезді әндерін тебіренте орындады. Қызықты әрі тартысты өткен байқау нәтижелерінде «Абайдың қара сөздері» бойынша Сүлеймен Демирел университетінің студенті Серғалы Мәліке ІІІ орын жеңімпазы, Жәңгірхан атындағы Батыс Қазақстан техникалық универсиетінің студенті Мұратов Иса ІІ орын жеңімпазы, Мұхтар Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университетінің студенті Асан Толқын І орын жеңімпазы атанды. «Абай өлеңдері» бойынша Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің студенті Әбдиева Шаттық ІІІ орын, Тараз мемлекеттік педагогикалық университетінің студенті Зархат Ақерке ІІ орын, Шәкәрім мемлекеттік университетінің студенті Сайлаубекова Алина І орын иегері атанды.
«Абай әндері» байқауы «кәсіпқой» және «әуесқой» орындаушылар арасында өткізіліп, нәтижесінде «Абай әндері» бойынша әуесқой орындаушылар арасындағы байқаудың ІІІ орны қазылар алқасының шешімі негізінде екі қатысушыға берілді. Осылайша, ІІІ орын иегерлері Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің студенті Тәжмина Даниярқызы және Жәңгірхан атындағы Батыс Қазақстан агротехникалық университетінің студенті Нұрғазиева Ақмарал, II орын иегері Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің студенті Олеся Хоменко, І орын иегері Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық университетінің «Дарын» дуэті атанды.
Кәсіпқой орындаушылар арасындағы байқау нәтижесі бойынша ІІІ орын қазылар алқасының шешімі негізінде Т.Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясының студенті Асан Сүндет пен Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясының «А-capella» тобына берілсе, ІІ орынды Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық корнсерваториясының студенті Суюнишов Саясат, I орынды Т.Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясының студенті Тұрлықожа Алмат жеңіп алды. Жалпы әрбір байқаудың І орын иегері 150 000 теңге, II орын иегері 100 000 теңге, III орын иегеріне 50 000 теңге сыйақымен марапатталды. Әділ қазылар мүшелеріне де сый-құрмет көрсетіліп, университет басшылығы тарапынан ақашлай сыйақы табысталды.
Сонымен қатар, әрібір байқау бойынша ерекше көзге түскен қатысушыларға 10 арнайы номинациялар тағайындалып, олар ақшалай және бағалы сыйлықтармен марапатталды.
Фестивальдің жабылу салтанында әрбір байқау жеңімпаздары көрермен қауымына өз өнерлерін паш етіп, «Абай әндері» байқауының төрағасы, сазгер-әнші Арман Дүйсенұлы әнін тарту етті.
Шара соңында барлық қатысушылар арнайы алғыс хаттармен, ал фестиваль жеңімпаздары ақшалай сыйақы және дипломдармен марапатталды.
Дәстүрге айналған жастардың өнер мен білім додасына еліміздің түкпір-түкпірінен жиналған өнерлі жастар университет басшылығына үлкен алғыстары мен дән ризашылығын білдірді.
Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев «БОЛАШАҚҚА БАҒДАР: Рухани жаңғыру» мақаласында дәстүрлі өнерімізді рухани және мәдени жаңғырту үшін ең алдымен ұлттық рухымызды бойымызда мәңгі сақтап қалуымыз тиіспіз деп атап өтті.
Біздің рухани мәдениетіміз Абайдың даналығында, Әуезовтің ғұламалығында, Жамбылдың жырлары мен Құрманғазының күйлерінде. Демек, тарихы терең ғасырлар қойнауынан бастау алатын ұлттық дәстүрімізді дәріптеу – басты мақсат.
Жанатбек ІШПЕКБАЕВ, Абай атындағы ҚазҰПУ-дің тәрбие жұмысы және әлеуметтік даму жөніндегі проректоры, профессор.
https://dalanews.kz/34865