Дархан Кәлетаев Қазақстанның Украинадағы елшісі қызметінен босатылды

Қаракөз Амантай 17 апр. 2025 12:57 819

Дархан Кәлетаев Қазақстанның Украинадағы елшісі қызметінен босатылды. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі мәлім етті, деп хабарлайды Dalanews.kz.

"Мемлекет басшысының Жарлығымен Дархан Аманұлы Кәлетаев Қазақстан Республикасының Украинадағы Төтенше және Өкілетті Елшісі лауазымынан босатылды", - делінген хабарламада.

Айта кетейік, Дархан Аманұлы бұл қызметке 2020 жылдың 22 ақпанында тағайындалған болатын.

Сондай-ақ Мемлекет басшысының Жарлығымен Төлежан Тұрсынұлы Барлыбаев Қазақстан Республикасының Украинадағы Төтенше және Өкілетті Елшісі лауазымына тағайындалды.


Рекомендовать
Последние новости