Даниал Ахметов: «Қазақстанның барлық балалары ТОКАМАК тәжірибесімен танысуы керек»

Dalanews 26 мая 2018 10:40 1045

Қазақстанның балалары алдағы таңда Курчатовтағы Ұлттық ядролық орталық пен полигон өткен өлкеге келе алады. «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында елдегі болашақ ғалымдар мен дарынды балалар қазақстандық метриалтану Токамагымен (ҚТМ) таныса алады.  

Бұл туралы бүгін «Нұр Отан» партиясы филиалының Саяси бюро отырысында айтылды. Күн тәртібіне сәйкес «Рухани жаңғыру» бағдарламасының жүзеге асу барысы туралы Курчатов қаласы мен Зайсан және Ұлан аудандарының әкімі баяндама жасады. Аталған барлық аймақта бұқараны рухани жаңғырту бағытында қыруар іс атқарылып, межеге алынған міндеттер легі жетерлік. Мәселен, Ұлан ауданының әкімі жазда 1719 бала Шымкент – Сайрам - Түркістан – Таразда, сондай-ақ, Катон-Қарағай Ұлттық паркінде болып, елдегі киелі жерлерді араламақ. Бұдан бөлек Елорда – Астанаға апару жоспары бар. Ал Курчатов қаласы «Жас физик-2018» жазғы мектебін ұйымдастырып отыр. Алайда филиал төрағасы – облыс әкімі Даниал Ахметов қолда «гауһар тас» – Токамак (ҚТМ) пен Ұлттық ядролық орталық тұрғанда Курчатов жобалар шеңберін кеңейту қажеттігін нықтады.



– Әлемде бар-жоғы екі Токамак бар. Оның біреуі қайда? Курчатовта. 4 ядролық реактор мен полигон бар. Олай болса, ШҚО мен бүкіл Қазақстанның балалары Токамактың не екенін білуі үшін не істеуіміз қажеттігін қарастырайық. Олар Кеңес одағынан қалған мұраның қатыгездік қаруы екенін және оны бейбітшілік жолда қолдану, ядролық полигонды жабу туралы Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев қабылдаған тарихи шешімнің маңыздылығын ұғынсын. Осы ретте арнайы бағдарлама дайындауды тапсырамын. Бүкіл Қазақстанның балалары келіп, Токамак тәжірибесімен танысуы қажет. Ядролық орталыққа, полигон өткен аймаққа экскурсияға барып, бүгінгі келісімдер туралы ақпаратпен қамтылсын, – деді Даниал Ахметов.

2014 жылы облыстық бюджет есебінен А секторында, яғни, бұрынғы ядролық қару қоймасында жаңарту жұмыстары жүргізілген. Бүгінде нысан туристерді қабылдауға ашық. Айта кету керек, қазақстандық материалтану Токамагы (ҚТМ) елде ғылым мен технологияны дамыту және ғылыми-инженерлік салаларда жоғары білікті кадрларын дайындау мақсатында ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың шешімімен құрылған.

 

ШҚО әкімінің баспасөз қызметі

Рекомендовать
Последние новости