Дағыстанда тағы да атыс болды

Қаракөз Амантай 26 июн. 2024 10:39 2788

Дағыстан астанасы Махачкаланың орталығындағы университет алаңында атыс болғаны белгілі болды, деп хабарлайды Dalanews.kz.

РИА Новости мәліметінше, қазіргі таңда полиция қызметкерлері сол жерде тексеріс жүргізіп жатыр.

"Махачкалада орын тепкен Гаджиев пен Коркмасов көшелерінің маңында құқық қорғау органдары іс – шаралар өткізіп, тұрғындардан осы аумақтан кетуді сұрайды", - делінген хабарламада.

Кейінірек Дағыстан ІІМ Махачкаладағы университет алаңының аумағын полиция қызметкерлері куәгерден келген сигнал бойынша тексергенін хабарлады.

Куәгерлерден келген хабарламаға байланысты бұл жерге дереу полияция жөнелтілген.

"Мұнда полицияның бірнеше наряды жіберіліп, аумақ қоршауға алынды. Кинологтарды тарта отырып, аумақты және оның айналасын мұқият тексеру жүргізілді. Ақпарат расталмады. Барлығы тыныш", - деді ведомствода.

Еске салайық, 23 маусымда Дағыстанда белгісіз біреулер синагога мен шіркеуге шабуыл жасаған еді.

Ал 24 маусымда таңертең Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Дағыстандағы православие шіркеуі мен синагогаға лаңкестік әрекеттер жасалып, соның салдарынан дін және құқық қорғау органдары қызметкерлерінің қаза болуына байланысты Ресей Президенті Владимир Путинге көңіл айтты. Қазақстан Президенті құқық қорғау жүйесі арқылы жедел-іздестіру шараларын жүргізуде көмек көрсетуге дайын екенін жеткізді.

Мемлекет басшысы адамзатқа қарсы жасалған мұндай әрекетті үзілді-кесілді айыптайды, сондай-ақ, БҰҰ, ШЫҰ және басқа да беделді халықаралық ұйымдар аясында лаңкестікпен күресу үшін көпжақты ынтымақтастықты дамытуды қолдайды.

Бастапқыда Дағыстанның құқық қорғау органдары бір қызметкердің қайтыс болғанын растады. Тағы алтауы жарақат алды. Бұл туралы ресейлік БАҚ хабарлады.

Кейіннен қаза тапқандар саны 9 адамға жетті. Оның жетеуі құқық қорғау органдарының қызметкерлері. Тағы 25 адам жарақат алған. Дағыстан ІІМ мәліметінше, Махачкалада шабуыл жасаған 4 адам мерт болған. 

Сонымен қатар Сергокалада белгісіз біреулер полицейлердің көлігін атып тастаған. Салдарынан бір қызметкер жарақат алған.


Рекомендовать
Последние новости