Chevrolet “Өзара пайда” акциясы аясында танымал модельдерге бағаны төмендетті

Қаракөз Амантай 02 июл. 2025 12:35

2 шілдеден бастап Allur автокөлік компаниялар тобына кіретін Chevrolet бренді "Өзара пайда" атты арнайы акцияны іске қосты. Оның аясында үш танымал модель - Cobalt, Onix және Tracker арзандатылған бағамен ұсынылады, деп хабарлайды Dalanews.kz.

Енді Chevrolet автокөліктерін мынадай жаңа бағамен сатып алуға болады:

Chevrolet Cobalt – 6 490 000 ₸ бастап

Chevrolet Onix – 7 490 000 ₸ бастап

Chevrolet Tracker – 9 990 000 ₸ бастап

Бұл акция қазақстандықтар үшін сапалы әрі сенімді автокөліктерді қолжетімді етуге бағытталған.

“Бұл модельдер нарықтың нағыз сүйіктілері. Біз клиенттеріміздің сұранысын естіп отырмыз, сондықтан мүмкіндігінше көп адам жаңа көлік сатып ала алуы үшін арнайы ұсыныс әзірледік. Арнайы біздің нарыққа және халқымызға бейімделген науқан, – деді Chevrolet Kazakhstan дистрибуция директоры Марк Ножненко.

Модельдердің танымалдылығы статистикамен де расталады: Chevrolet Cobalt қатарынан төрт жыл (2021–2024) Қазақстанда ең көп сатылған көлік болып отыр. 2025 жылдың мамыр айының қорытындысы бойынша, Chevrolet бренді елдегі автокөлік өндірушілер арасында сатылым көлемі бойынша екінші орын алды – бір айда 2 344 көлік сатылса, соның 1 869-ы Cobalt үлесіне тиесілі. Жыл басынан бері ел аумағында 11 078 Chevrolet көлігі сатылса, соның ішінде 9 188-і Cobalt.

Chevrolet бренді үшін маңызды кезеңдердің бірі – жергілікті өндірістің дамуы. 2024 жылы Қостанайдағы Allur зауытында Onix моделін шағын тораптық әдіспен (CKD) құрастыру басталды. Бұл өндіріс процесіне 3 500-ден астам маман тартылып отыр. General Motors стандарттарына сай келетін технологиялар, соның ішінде роботтандырылған лазерлік дәнекерлеу қолданылуда. Мұндай тәсіл өндірісті жергіліктендіру деңгейін арттырып қана қоймай, аймақта жаңа жұмыс орындарын ашуға мүмкіндік береді.

2025 жылдың наурыз айында Chevrolet Қазақстан нарығында жұмыс істеп келе жатқанына 5 жыл толғанын атап өтті. Осы уақыт ішінде 170 мыңнан астам автокөлік өндіріліп, жалпы сатылым көлемі 150 мың бірліктен асты.


Рекомендовать
Последние новости