«Чемпионт әділ өтпейді!». Ата-ана Тоқаевқа шағым айтты

Dalanews 30 янв. 2023 08:12 949

Әлеуметтік желіде Райгүл Махмұтова есімді келіншек елімізде жасөспірімдер арасындағы шахматтан Қазақстанның республикалық Чемпионат әділ өтпейтінін айтып, Президент Қасым-Жомарт Тоқаев пен ҚР Мәдениет және спорт министрі Асхат Оралова шағым жазды, – деп хабарлайды Dalanews.kz.

– Бүгінде біздің елімізде шахматтан Қазақстанның республикалық чемпионтына қалалық жарыстарда топ жарған жас спортшылар бірден қатыса алмайды.

Чемионатқа бастапқы жарнасын төлегендер ғана қатысады. Нәтижесінде қалалық жарыстарда топ жарған жастар қалтасында ақшасы болмаған соң, республикалық чемпионатқа қатыса алмауда.

Осылайша ақшалылар нағыз спортшылардың жолын кесіп жатыр. Осыны тоқтату керек! Мұндай жағдайда елімізде шахмат спорты дамымайды.


ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев пен ҚР Мәденеит және спорт министрі Асхат Ораловтың осы әділетсіздікті жойғанын қалаймыз.

Егер жағдай осылай жалғаса беретін болса қалалық деңгейде жарыстарды өткізудің не қажеті бар?

Осы жайт қалалық жарыстарда жеңіске жеткен жастарды тауын шағып, жігерін құм қылуда.

Құрметті Президент мырза, еліміздегі жастар арасындағы шахматтан Қазақстанның республикалық чемпионатын әділ өткізуге, оған қалалық іріктеу жарыстарында топ жарған жастарды автоматты түрде қатыстыруға ықпал етуіңізді сұраймыз. Егер бұлай болмаған жағдайда чемпионаттың мәні қалмайды, – дейді Райгүл Махмұтова.

https://dalanews.kz/news/85997-bozymbaev-pen-zhakishev-toqaevqa-kerek

https://dalanews.kz/aimak/85930-zhetisu-oblysynda-turistik-infraqury

https://dalanews.kz/news/85903-mezhdunarodnyy-turnir-po-gryepplingu-s

Рекомендовать
Последние новости