Бюджетке төлем жасау талаптарына өзгеріс енгізілді. Салықтарды төлеу мерзімі 10 сәуірде аяқталады

Кәмшат Тілеухан 08 апр. 2025 17:08 687

ҚР Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитеті бюджетке төлемдер жасау кезінде жаңа талаптар енгізілгенін хабарлады. Сондай-ақ елімізде салықтарды төлеу мерзімі 10 сәуірде аяқталады, деп хабарлайды Dalanews.kz.

ISO 20022 халықаралық стандартты төлем хабарламалары форматының енгізілуіне байланысты Қазақстан Республикасының аумағында қолма-қол ақшасыз төлемдер мен ақша аударымдарын жүзеге асыру қағидаларында өзгерістер болды, сондай-ақ бюджетке төлемдер жасау үшін жаңа төлем тапсырмасының формасы бекітілді.

Негізгі өзгеріс – жаңа "Нақты төлеуші" графасы.

Салықтар мен төлемдердің бюджеттің дұрыс есепке алынуы үшін оны толтыру тәртібіне назар аударамыз:

  • Заңды тұлғалар өздерінің құрылымдық бөлімшелері үшін салықтар мен әлеуметтік төлемдерді төлеген кезде жиынтық төлем тапсырмасының "Нақты төлеуші" бағанында тиісті құрылымдық бөлімшенің атауы мен БСН көрсету қажет.
  • Сот орындаушылары борышкерлердің міндеттемелері бойынша төлемдерді аударған кезде төлем тапсырмасының "Нақты төлеуші" бағанында борышкердің ТАӘ және ЖСН көрсету қажет. 

"Нақты төлеуші" графасында мәліметтердің дұрыс көрсетілмеуі қаражаттың дұрыс есепке алынбауына және қарыздың пайда болуына әкелуі мүмкін.

Айта кетсек, Қазақстанда 2024 жылға арналған декларация бойынша салықтарды төлеу мерзімі 2025 жылдың 10 сәуірінде аяқталады:

  • 2024 жылға арналған декларация бойынша корпоративтік табыс салығын (КТС) соңғы есеппен төлеу;
  • резидент емес заңды тұлғаның кірістерінен төленетін КТС (табысты төлеу көзі бойынша);
  • 2024 жылға арналған декларация негізінде төлем көзі бойынша салық салынбайтын жеке тұлғалардың кірістерінен жеке табыс салығының (ЖТС) соңғы есептік төлемі;
  • 2024 жыл үшін тарихи шығындарды өтеу бойынша төлем;
  • 2024 жылғы декларация негізінде артық пайда салығы;
  • 2024 жылға арналған жер қойнауын пайдаланудың баламалы салығы;
  • 2024 жыл үшін көлік құралдарына салынатын салық;
  • 2024 жылға арналған жер салығы бойынша соңғы есеп;
  • 2024 жылға арналған мүлік салығы бойынша соңғы есеп;
  • 2024 жылдың 1 қазанынан 31 желтоқсаны аралығындағы кезеңге арналған бірыңғай жер салығы және жер үсті су көздерін пайдаланғаны үшін төлем.

Рекомендовать
Последние новости