Бишімбаевтың туысы Байжанов мерзімінен бұрын босап шығуы мүмкін

Сағыныш Сардарова 17 июн. 2025 09:26

Қуандық Бишімбаевтың туысы Бақытжан Байжанов мерзімінен бұрын босап шығуы мүмкін. Бұл туралы оның адвокаты айтты, деп хабарлайды Dalanews.kz.

Tengrinews.kz-ке берген сұхбатында адвокат Ғазиз Ынтықбаев оның қорғауындағы адам 2025 жылғы жаздан бастап шартты түрде мерзімінен бұрын босату туралы өтініш беруге құқылы екенін мәлімдеді.

"Онымен үнемі байланыста емеспін, сондықтан өтініш берген-бермегенін нақты білмеймін. Бірақ сот мұндай өтініштерді әзірге қарастырған жоқ", - деді адвокат.

Қорғаушының айтуынша, Байжанов жазаны ауыстыру туралы өтініш білдіре алады.

"Ол сотқа тікелей емес, мекеме әкімшілігі арқылы өтініш береді. Алдымен мекеме барлық қажет ақпаратты жинайды: мінездеме, көтермелеу, дипломдары. Осыдан кейін құжаттар Степногорск сотына тапсырылады", - деп түсіндірді Ынтықбаев.

Заңгердің сөзінше, Бақытжан Байжанов рақымшылыққа ілігуі мүмкін. Алайда ол қылмыстық жауапкершіліктен толық босатылмайды.

"Екі санаты бар: қылмыстық жауапкершіліктен толық босату және мерзімін қысқартқан кезде жартылай босату. Байжанов екіншісіне ілігеді, қалған жазаның үштен біріне дейін қысқартуы мүмкін, өйткені қылмыс ауыр санатқа жатады", - деп нақтылады заңгер.

Айта кетейік, Бақытжан Байжанов 4 жылға сотталған болатын.


Рекомендовать
Последние новости