Бишімбаев ісі: Жоғары сот алқабилер құрамына байланысты мәлімдеме жасады

Қаракөз Амантай 26 мар. 2024 14:55 3064

Жоғарғы Сот Қуандық Бишімбаевтың ісі бойынша алқаби құрамына кандидаттарды іріктеу үшін жабық сот отырысы қашан өтетінін жариялады, деп хабарлайды Dalanews.kz.

Ертең, яғни 27 наурызда Астана қаласының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында Қуандық Бишімбаевтың ісі бойынша алқабиге кандидаттарды іріктеу үшін жабық сот отырысы өтеді.

"Отырыста 12 адамнан тұратын (10 негізгі, 2 қосалқы) алқабилер алқасы жасақталады. Іріктеу алқабилердің жеке басын жария етпеу мақсатында жабық форматта өтеді", - делінген Жоғары Соттың баспасөз хабарламасында.


Рекомендовать
Последние новости