Бұрынғы уақыт белдеуіне оралу туралы петицияға 32,5 мыңнан аса адам қол қойды

Көркем Алдабергенова 24 мая 2024 12:59 48194

Бұрынғы уақыт белдеуіне оралу туралы петицияға 32,5 мыңнан аса адам қол қойды, - деп хабарлайды Dalanews.kz.

Еске салайық, 1 наурызда 15 өңір UTC +5 уақыт белдеуіне ауысып, батыс аймақпен бірдей болған еді.

Бұл жаңашылдық қоғамда қызу талқыға түскен еді. Петиция авторының сөзінше, Қазақстанда уақыт белдеуінің ауысуына байланысты бірнеше проблема туындап үлгерген.

«01.04.2024 жылғы жағдай бойынша, электр энергиясын тұтыну үшін орташа чек шамамен 17 000 теңге болды. Демек уақыт белдеуінің ауысуы шығынды көбейтейін деп тұр, әсіресе күз-қыс мезгілінде. Қараңғы кеш түсетіндіктен халық жарықты көбірек қолдана бастайды, ал бұл электр энергиясын тұтынудың өсуіне және сәйкесінше қосымша шығындарға әкеледі», - дейді петиция авторы.

Тағы бір проблема - адамдарда шаршау басым болып, адамның өнімді бола түсуі төмендеп, адамның биоритмі мен жұмыс, оқу және демалу кестелерінің сәйкес келмеуі салдарынан ұйқы сапасы нашарлап, тұрғындардың физикалық және психологиялық тұрғыдағы жайсыздығы көбейе бастайды. ⠀

«Мемлекетке маңыздысы не: кәсіпкерлерден мемлекет қазынасына рұқсат етілмеген салық арқылы түсетін ақша ма, әлде халықтың денсаулығы ма? Қазақстан тұрғындары уақыт белдеуінің ауысуынан бас тартуды сұраймыз», - дейді қазақстандықтар.

Билік те «уақыт белдеуін ауыстыруда асығыстық танытып жіберген жоқпыз ба?» деп ойлана бастағандай. Сауда және интеграция министрі Арман Шаққалиев петиция қажет көлемдегі қол жиналғаннан кейін қарастырылатынын айтты.


Рекомендовать
Последние новости