БҚО-да экологиялық мәдениетті қалыптастыруға бағытталған түсіндіру шарасы өтті

Ақтоты Жапатова 11 июн. 2025 14:45

Бүгін Батыс Қазақстан облысы, Орал қаласында «Таза Қазақстан» жалпыұлттық экологиялық акциясы аясында қала тұрғындары мен базар маңындағы шағын кәсіп иелеріне түсіндіру жұмыстары жүргізілді,- деп хабарлайды Dalanews.kz

Аталған іс-шараның мақсаты — қоғамда экологиялық мәдениетті қалыптастыру, қоршаған ортаны қорғауға үндеу және еріктілердің қатысуымен жасыл бастамаларды ілгерілету болды.

Акция аясында:

  • 10-ға жуық ерікті жас бірігіп, белсенділік танытты;
  • 100-ге жуық «Таза Қазақстан» тақырыбындағы ақпараттық брошюра таратылды;
  • 150-ге жуық қала тұрғынына тұрмыстық тазалықты сақтау жөнінде түсіндіру жұмыстары жүргізілді;
  • Базар аумағындағы 30 шағын кәсіп иесіне санитарлық талаптар мен тазалық нормалары түсіндірілді;
  • Сонымен қатар, тұрғындар арнайы дайындалған «Біз – таза ел үшін!» тақтайшасымен естелік суретке түсті.

Шара барысында Батыс Қазақстан облысының жастармен жұмыс жөніндегі ресурстық орталығы басшысының орынбасары Нұрсұлтан Сарсенбаев акцияның маңыздылығына тоқталды.

 «Акцияның негізгі мақсаты — қоғамды экологиялық мәдениетке тәрбиелеу, қоршаған ортаны таза ұстауға үндеу және еріктілерді тарту арқылы экологиялық бастамаларды ілгерілету. Апта сайын өңірімізде тазалық жұмыстары жүргізіліп келеді. Бүгінгі шарамыздың басты ерекшелігі — еріктілердің белсенділігі мен халықтың экологиялық сана-сезімге оң көзқараспен қарауын қалыптастыру», — деп атап өтті ол.

Ұйымдастырушылар бұл бастаманың жалғасын табатынын және Орал қаласының тұрғындарын алдағы шараларға белсенді түрде қатысуға шақырды.


Рекомендовать
Последние новости