БҚО әкімі: өңірде отбасы институтын нығайтуға баса назар аударылуда

Жарбол Кентұлы 17 мар. 2024 16:43 2004

Бүгін елімізде Наурызнама тұжырымдамасы аясында- 17 наурыз – Шаңырақ күні аталып өтуде.

Осы айтулы күнге орай Батыс Қазақстан облысының әкімі Нариман Төреғалиев 50, 25 жыл бір шаңырақ астында тату-тәтті өмір сүріп келе жатқан мерейлі отбасылармен кездесті.

"Баршаңызды алдағы Наурыз мерекесімен құттықтаймын! Ата-бабаларымыз «Отан отбасынан басталады» - деп бекер айтпаған. Адам бойындағы игі қасиеттер шаңырақтан бастау алады. Өңірімізде мемлекет тарапынан отбасы институтын нығайтуға баса назар аударылуда.
Қазіргі таңда облыс бойынша 14 мыңға жуық көпбалалы аналар бар, оның ішінде 6 558 әйел жандар «Алтын алқа», «Күміс алқа», «Батыр ана» иегерлері.

Облысымызда арнайы 5 «отбасы орталықтары» жұмыс істеуде. Биылғы жылы тағы 3 ауданда осындай орталықтар ашуды жоспарлап отырмыз", - деді облыс басшысы.

Сондай-ақ, өңір басшысы Атырау қаласында өткен Үшінші Ұлттық құрылтайда Президентіміз Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев ұлттың жаңа келбетін айқындайтын негізгі құндылықтар туралы айтқанына тоқталды.

“Президентіміз Ұлттық құрылтайда атап өткен отаншылдық, бірлік, ынтымақ, әділдік, жауапкершілік, еңбекқорлық құндылықтары отбасыдан бастау алады. Сондықтан
Ұрпақ тәрбиесіне айрықша мән беруіміз керек”- деді Нариман Төреғалиев.

Іс-шараға сондай-ақ, жуырда отау құрған жас отбасылар да қатысты.

Жастар алдында аға буын өкілдері сөз сөйлеп, өмірлік кеңестерімен бөлісті.


Рекомендовать
Последние новости