Бородулиха ауданды әкімдігінің «ашықтық» тұжырымдамасы

Dalanews 23 нояб. 2020 13:08 836

Ағымдағы жылдың 20 қарашада Шығыс Қазақстан облысы Бородулиха ауданының әкімі К.Қ.Бичуинов «Antikor.live» жобасына қатысты. Тікелей эфир барысында Кинугул Қашкенұлы Қазақстанның сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясын және «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасын іске асыру бойынша ауданда атқарылып жатқан жұмыстар туралы баяндады.

Мемлекет басшысының мемлекеттік органдар ашықтық принципіне негізделген халықпен қарым-қатынас жасау форматына ауысу туралы тапсырмасына сәйкес Бородулиха ауданында «Сервистік әкімдік» қызметін ашу бойынша жұмыс жүргізілді. «Сервистік әкімдік» мемлекеттік органдардың Open-space форматындағы тиімді үйлесімділігі болып табылады.

Атап айтсақ, 2020 жылғы 26 тамызда Бородулиха ауылы Тәуелсіздік көшесі 69 мекен жайында орналасқан аудандық әкімдік ғимаратының бірінші қабатында «Бородулиха – Адалдық алаңы» фронт офисімен бірлескен сервистік әкімдік ашылды. Жұмыстың жаңа форматына көшу аудан тұрғындарына мемлекеттік қызметті өзге органдарға бармай-ақ бір жерде алуға мүмкіндік береді. Сервистік әкімдіктің көмегімен азаматтарға сәулет және қала құрылысы, жер қатынастары, әлеуметтік сала, сондай-ақ өзіне-өзі қызмет көрсету бұрышы арқылы электрондық үкімет порталынан өз бетімен мемлекеттік қызметтер алуға мүмкіндіктер жасалғанын атап өтті.

Қазіргі таңда Бородулиха ауданының аумағында ауылдық және кенттік округтердің әкімдіктерде, кітапханаларда, сервистік әкімдікте 22 өзіне-өзі қызмет көрсету бұрышының жұмысы жалғасуда, бүгінгі күнге дейін 18 мыңнан астам мемлекеттік қызмет көрсетілді.

Сонымен қатар Бородулиха ауданының әкімі мемлекеттік сатып алулардың бірыңғай терезесі арқылы үнемделген қаражат мөлшеріне тоқталып, ағымдағы жылдың 10 айында 44 млн теңгеден астам қаражат үнемделгенінін мәлімдеді.

Ал, «Ашық бюджет» жобасының шеңберінде жыл көлемінде Шығыс Қазақстан облысынң ашық бюджеттерінің интерактивті картасына Бородулиха ауданынан 4,5 млрд. теңге сомасына  29 бюджеті жаряланды.

Бүгінде тұрғындардың құқықтық сауаттылығын арттыруға бағытталған «Адал көмек» жобасының шеңберінде, аудандық әкімдің өкілдері өңір тұрғындарын толғантқан мәселелерге құлақ түріп, сан-сауалдарды шешу жолында азаматтармен кері байланыс орнатуға белсенділік танытып отыр.

Рекомендовать
Последние новости