Болат Назарбаевтың мұрагерлері үлесті қалай бөліп алды

Көркем Алдабергенова 11 апр. 2025 14:41 726

Қазақстанның бұрынғы президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың інісі — Болат Назарбаев қайтыс болғаннан кейін, оның артында қалдырған мүлкіне қатысты негізгі сұрақ — өсиет бар ма, жоқ па — ұзақ уақыт бойы ашық күйінде болды. Көпшілік элиталық жылжымайтын мүліктен бастап, коммерциялық компаниялар мен жер телімдеріне дейінгі үлкен активтер заң бойынша мұрагерлер арасында бөлінеді деп топшылады, деп хабарлайды Dalanews.kz Orda.kz-ке сілтеме жасап. 

Заңгер Дмитрий Сазонов өсиет болғанын және жалғыз ресми мұрагер ретінде Болат Назарбаевтың үлкен ұлы Нұрбол Назарбаев көрсетілгенін мәлімдеді.

Құжат жүзінде мұрагер біреу болғанымен, отбасының басқа мүшелері де мүліктен үлес алған. Мысалы, Болат Назарбаевқа тиесілі үйлердің бірі ресми түрде 38 үлеске бөлінген. Оның ішінде 25 үлес Нұрболға берілсе, қалған 13 үлес туыстары арасында үлестірілген.

Қай үй бөлінгені нақты белгісіз, бірақ журналистер төрт ықтимал нысанды атап өтеді:

▪️ №1 үй – Алматы қаласы, Горная көшесі. Футбол алаңы, жылыжайы мен зәулім сарайы бар иелік.
▪️ №2 үй – Алматы қаласы, Ондасынов көшесі. Орманмен қоршалған, сыртқы келбеті сарайды еске түсіреді.
▪️ №3 үй – Алматы облысы, Қарасай ауданы, Шамалған ауылы. Таудың етегіндегі екі қабатты үй және қосымша құрылыстар.
▪️ №4 үй – Шамалғандағы тағы бір иелік.

Нұрбол Назарбаевқа Алматыдағы мүліктер де бұйырды

Журналистердің мәліметінше, өсиетке сәйкес, Нұрбол Назарбаевқа Алматыдағы жылжымайтын мүлік те берілген, оның ішінде BNC Plaza тұрғын үй кешеніндегі пәтер бар. Айта кетейік, бұл кешен бұрыннан Нұрбол Назарбаевқа ТОО «PrimeCapital Re Plaza» компаниясы арқылы тиесілі болған, ал компанияның өзі оған әкесінің көзі тірісінде-ақ өткен.

Бұған дейін Болат Назарбаев қайтыс болған соң оның туыстары мұрагерлік құқық алу үшін өтініш білдіргені хабарланған. Олар ортақ мүлік пен заң бойынша тиесілі міндетті үлеске үміткер екенін мәлімдеген.

Өсиет бойынша мұра алу туралы Нұрбол Назарбаев пен Болат Назарбаевтың жары Динара Назарбаева өтініш жасаған. Динара ханым ортақ некеде жиналған мүліктің жартысына үміткер екенін көрсеткен. Сонымен қатар, Болат Назарбаевтың 13 баласы заң бойынша міндетті мұра үлесіне құқық алу мақсатында өтініш түсірген.


Рекомендовать
Последние новости