Болат Назарбаев өмір мен өлімнің арасында жатыр - дереккөз

Dalanews 04 нояб. 2023 11:35 887

Экс-президент Нұрсұлтан Назарбаевтың інісі Болат Назарбаевтың денсаулығы күрт нашарлады деп хабарлайды Dalanews.kz ҚазТАГ-қа сілтеп.

Агенттіктің жағдаймен жақын таныс дереккөзі тап бүгін Болат Назарбаевтың инфарктпен қайтадан ауруханаға жеткізілгенін және оның жағдайы мүшкіл екенін растаған.

Дереккөздің мәлім еткеніндей Назарбаевтың төңірегіндегілер төтеннен келген жағдайға байланысты бүгінге жоспарланған кейбір шараларды кейінге шегеруге мәжбүр болған.

Болат Назарбаев 1953 жылы 23 наурызда Алматы облысы, Қарасай ауданы, Шамалған ауылында дүниеге келген.

1997 жылдан бері ол BN Invest холдингін басқарады. 2016 жылы «Салиқалы ұрпақ» қоғамдық қорын құрды. Сол жылы «Парасат» орденімен марапатталды.


Болат Назарбаевтың есімі бірқатар стратегиялық салалардағы активтерді монополиялық жолмен басып алумен, сондай-ақ рейдерлік шабуылдармен және компроматтық сипаттағы басқа да әрекеттермен байланысты.

"Салиқалы ұрпақ" қорының өкілдері Болат Назарбаев өлім мен өмірдің арасында жатқанда өзінің бизнес құрылымдарын бақыламағанын, дүние-мүлкіне айналасындағылар бас-көз болғанын мәлімдеп үлгерді.


Бұған дейін әріптесіміз Ибраш Нүсіпбаев Болат Назарбаевтың денсаулығына қатысты ақпараттарға күдікпен қарайтынын ашып айтқан.

"Назарбаевтың қоры өзінің қожайыны жайында шындыққа жанаспайтын ақпаратты таратып, Бөкеңді Қаңтар оқиғасына қатысы жоқ, судан таза, сүттен ақ адам ретінде көрсетуге күш салып жатыр", - дейді журналист.

Айтқандай, "Арселор Митталдың" жаңа қожайыны туралы ақпарат тарады. Толығырақ осы жерде:

https://t.me/dalainside/1560

https://dalanews.kz/aimak/95023-almaty-oblysynda-otbasy-fest-otbasylyq-fest

https://dalanews.kz/del-qazir/79742-bolat-nazarbaev-sap-sau-ol-zhauapkershi

Рекомендовать
Последние новости