"Біз көп болса жүз жасармыз..." Асанәлі Әшімов құнды заттарын мемлекетке сақтауға тапсырды

Сағыныш Сардарова 01 февр. 2024 14:01 9543


Қазақстанның Еңбек Ері, Қазақстан және КСРО еңбек сіңірген артисі, Мемлекеттік сыйлықтардың иегері, кино және театр актері әрі режиссері, театр педагогы, профессор, Театрлар қауымдастығының президенті Асанәлі Әшімов жеке қолжазбаларын, марапаттары мен кітаптарын, киноларға түскенде қолданған бағалы заттарын Мемлекеттік архивке тапсырды, - деп хабарлайды Dalanews.kz.


Мәдениет басқармасы Мемлекеттік архивте "Кино және театр тарланы – Асанәлі" музей-бұрышын ашқан. Енді ел азаматтары Асанәлі Әшімұлына қатысты 200-ден аса құжат пен экспонатты тамашалап, зерттей алады.



Ол үшін архивке алдын ала өтінім беру қажет.



"Еңбекпен келген әр зат мен үшін бағалы. Қарап отырсам, мұның бәрі қазір – тарих. Біз көп болса жүз жасармыз, ал бұл заттар мың жасайды. Оған архив қызметкерлері ұқыпты қарап, олардың жоғалып кетуіне жол бермейді. Мұнда жалғыз менің ғана емес, басқа да танымал адамдардың заттары қойылған. Бұл жақсы бастама. Ол келешек ұрпақ үшін жасалып жатыр. Әсіресе, оқушы, студенттер үшін маңызды, керек дүние. Сондықтан бұған оң көзбен қараған дұрыс. Осы іс-шараны ұйымдастырып отырған азаматтарға алғыс айтамын", – деді Асанәлі Әшімов.




Шараға белгілі зиялы қауым өкілдері, Асанәлі Әшімовтің отбасы, туған-туыс, жақын достары мен шәкірттері қатысты.



Рекомендовать
Последние новости